29.05.2015, 17:34 4285

Егін жинау жұмыстарына арналған техниканыӊ лизингтік бағдарламасы бойынша аванстық төлем 10%-ға төмендетілді - ҚазАгроҚаржы

2015 жылы егін жинау жұмыстарына арналған техниканыӊ лизингтік бағдарламасы бойынша аванстық төлем 10%-ға төмендетілді және оны өтеу мерзімі ағымдағы жылдыӊ 15 қарашасына дейін ұзартылды, деп хабарлады "ҚазАгроҚаржы" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары Асылхан Джувашев 2015 жылғы егін егу науқаны туралы брифинг барысында

Астана. 29 Мамыр. Kazakhstan Today - 2015 жылы егін жинау жұмыстарына арналған техниканыӊ лизингтік бағдарламасы бойынша аванстық төлем 10%-ға төмендетілді және оны өтеу мерзімі ағымдағы жылдыӊ 15 қарашасына дейін ұзартылды, деп хабарлады "ҚазАгроҚаржы" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары Асылхан Джувашев 2015 жылғы егін егу науқаны туралы брифинг барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ағымдағы жылы "ҚазАгроҚаржы"АҚ жылсайынғы "Астық өнімі" бағдарламасын бастайды. Ол осымен төртінші жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. Сонымен, 2015 жылы егін жинау жұмыстарына арналған техниканыӊ лизингтік бағдарламасы бойынша аванстық төлем 10%-ға төмендетілді және оны өтеу мерзімі ағымдағы жылдыӊ 15 қарашасына дейін ұзартылды", - деді А.Джувашев, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Басқарма төрағасы атап өткендей, лизинг бойынша сыйақы 13,4% құрайды, оныӊ 7% сыйақыны субсидиялау бойынша бағдарламасы аясында мемлекет төлейді.

"Бұл бағдарлама қазақстандық комбайн өндірушілері "Агромаш Холдинг"АҚ мен "Вектор" комбайндары үшін жұмыс істейді. Бұл бағдарламаныӊ жалпы шарттары ағымдағы жылы егін жинау жұмыстарына мерзім 7 жыл, аванстық төлем 10% және өтеу мерзімі ағымдағы жылдыӊ 15 қарашасына дейін ұзартылды. сыйақы 13,4% құрайды, оныӊ 7% сыйақыны субсидиялау бойынша бағдарламасы аясында мемлекет төлейді және 6,4% шаруақожалы өзі өтейді", -деп түсіндірді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны