24.04.2017, 19:51 4534

Егіс науқанын жүргізу үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясы аграршыларды 300 млн.теӊгеден аса сомаға қаржыландырды

2017 жылдыӊ 24 сәуірдегі жағдай бойынша осы бағдарламамен 640 млн. теӊгеден аса сомаға 14 АШТӨ-мен шарт жасалды.Оныӊ банктерден келіп түскен кепілдіктер бойынша 333 млн. теӊге сомасына 4 АШТӨ қаржыландырылды.

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Биылғы жылы егіс науқанын қаржыландыру аясында "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" Ұлттық компания" АҚ (Азық-түлік корпорациясы) ақпан айыныӊ соӊынан екінші деӊгейлі банктер кепілдігімен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден (АШТӨ) астықты форвардтық сатып алу бағдарламасын жүзеге асырады.

2017 жылдыӊ 24 сәуірдегі жағдай бойынша осы бағдарламамен 640 млн. теӊгеден аса сомаға 14 АШТӨ-мен шарт жасалды.Оныӊ банктерден келіп түскен кепілдіктер бойынша 333 млн. теӊге сомасына 4 АШТӨ қаржыландырылды.

Қысқаша қаржыландыру шарттарын еске саламыз. Көктемгі-күзгі мезгілде Азық-түлік корпорациясыаграршыларға ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ мәлімделген көлеміне алдын-ала төлем жасайды. Астықтыӊ1 тонна есебінен алдын-ала төлемніӊ мөлшері жұмсақ бидай үшін - 20 000 теӊгені, қатты бидайға - 25 000 теӊгені, арпаға - 15 000 теӊгені, күнбағыс майына - 45 000 теӊгені, сояға - 50 000 теӊгені және т.б. құрайды, барлығы дәнді-бұршақты және майлы дақылдардыӊ 15 түрі бар. Комиссия мөлшері: алдын-ала төлем сомасынан 5%.

Алынған қаражаттарды АШТӨ өз қарауы бойынша егіс жұмыстарына бағыттайтын болады. Күз айында астық жинаудан кейін аграршыларАзық-түлік корпорациясына сол кезде орын алған нарықтық баға бойынша тиісті өнімді жеткізуі тиіс. Сонымен бірге, егер нарықтық баға осы және басқа дақылдарға алдын-ала төлем жасалған бағадан жоғары болса, онда Азық-түлік корпорациясы айырманы қосымша төлейді.

Сонымен қатар еске сала кетсек, ағымдағы жылы Азық-түлік корпорациясыәлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ИКК) кепілдігімен АШТӨ-ден астықты форвардтық сатып алу бағдарламасын жүзеге асырмайды.

Бұл шешім бірнеше себептермен шартталды, соныӊ бірі астық өндірушілердіӊ берешектері болып табылады. Жыл сайын жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді орындау күніне АШТӨ тарапынан берешектер 2-5 млрд. теӊге мөлшерінде құрайды. Бұл ретте шаруашылықтар алған қаражаттарды негізінен ақшамен қайтарды, олардыӊ 2016 жылға үлесі қаржыландырудыӊ жалпы сомасынан 88% құрады, ол форвардтық сатып алу бағдарламасыныӊ өзіне қайшы келеді.

ИКК кепілдіктері мықты кепілмен қамтамасыз етілмеген, сол себепті олардыӊ Азық-түлік корпорациясыалдындағы берешектерін өтеуде қиындықтар туындайды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі ИКК қызметініӊ бейінді емес және залалды бағыттағы міндеттемелерін кепілдендіруді тоқтату қажеттігі туралы ұстанымды ұстанады. Соныӊ нәтижесінде былтырғы жылы үкімет кепілдік беруде ИКК қатысуымен жұмыстарды 2017 ж. 1 қаӊтарына дейін аяқтау туралы шешім қабылдады.

Анықтама

ИКК кепілдігімен АШТӨ-ден астықты форвардтық сатып алу бағдарламасыныӊ әрекет ету мерзімі: 2011-2016 жж.

Жыл сайынғы қаржыландыру сомасы: 13-15 млрд. теӊге.

Қаржыландыру сомасы: 1 га-ға 6 000 теӊге.

Жыл сайынғы қаржыландыратын аумағы: орташа2,2-2,6 млн. га.

АШТӨ саны: орташа жылына 1,5 мыӊ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны