26.07.2012, 15:51 11568

Егістік алқаптарының 40 пайызына отандық селекцияның дәнді дақылдары себілген

Қазақстанда отандық селекцияның дәнді дақылдары жалпы егістік алқаптарының 40 пайызын алып жатыр, деп хабарлады "ҚазАгроИнновация" АҚ-ның басқарма төрағасы Серік Кененбаев Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 26-шілде. Kazakhstan Today - Егістік алқаптарының 40 пайызына отандық селекцияның дәнді дақылдары себілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда отандық селекцияның дәнді дақылдары жалпы егістік алқаптарының 40 пайызын алып жатыр, деп хабарлады "ҚазАгроИнновация" АҚ-ның басқарма төрағасы Серік Кененбаев Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

"Бүгінгі таңда отандық селекционерлер шығарған дәнді дақылдар жалпы егістік алқаптарының 40 пайызға жуығын алып жатыр", - деді С.Кененбаев.

"ҚазАгроИнновацияның" құрамында ауыл шаруашылығының түрлі бағыттары бойынша 23 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді. Атап айтқанда, бүгінде солтүстік өңірде 7 млн. жуық алқапқа себілген құрғақшылыққа шыдамды және өнімділігі жоғары астық сұрыптары мен Оңтүстік Қазақстанда себілген күздік бидай сұрыптарының 90 пайызын отандық селекциялар шығарған.

"Мақта шаруашылығына келетін болсақ, кезінде, 2000 жылдары біз тек өзбек селекциясының шиттерін себетінбіз, 2003 жылдан бері біз шиттің 11 сортын шығардық және олар бүгінде мақта алқаптарының 80 пайызын алып жатыр",- деді компания басшысы өз сөзінде.

Ғылыми-зерттеу институттары сондай-ақ ресурс үнемдеуші технологиялар бойынша зерттеулер жүргізуде. Бүгінде бұл технология 11 млн. гектар алқапта немесе жалпы егістіктердің 55 пайызында қолданылады. Нөлдік технологияларға көбірек назар аударылуда. Бұл технологияның экологияға пайдасы басым, ол жер жыртып әуреге түспей-ақ дән себуге мүмкіндік беретін әдіске негізделген. Түсінікті болу үшін тарқатып айтсақ, дәл осы технологияға арналып құрастырылған техника жиын-терім барысында дәнді дақылынан ажыратылған өнімнің сабағын қидалап турап, егістік алқабына шашып отырады. Осының арқасында әр науқан сайын жиылған сабан жер бетінде ылғал сақтау мүмкіндігіне ие қажетті қабатты қалыптастырады. Бұл қабат шіріндіге айналады.

"Қазіргі уақытта біз Австралияның Өсімдіктер геномикасы орталығымен бірлесіп гендерді іріктеудің көмегімн жаңа сұрыптарды шығарудамыз. Мысалы, құрғақшылыққа шығамды дақылдың гендері жаңа сұрыптарға ауыстырылуда", - деп атап көрсетті С.Кененбаев өз сөзінде.

Сондай-ақ мал шаруашылығының геномдік селекциясы бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Бұл зерттеулер мал шаруашылығының генетикалық әлеуеттін арттыру арқылы ет пен сүт өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны