29.02.2016, 16:45 4392

Егістік науқаны кезінде дизель отыныныӊ ұсынылған бағасы литріне 79 теӊгені құрайды - ҚР ЭМ

Шаруалар үшін 2016 жылдыӊ көктемгі егістік жұмыстары үшін дизель отыныныӊ ұсынылған бағасы бір литріне 79 теӊгені құрайды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінде

Астана. 29 ақпан. Kazakhstan Today - Шаруалар үшін 2016 жылдыӊ көктемгі егістік жұмыстары үшін дизель отыныныӊ ұсынылған бағасы бір литріне 79 теӊгені құрайды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігініӊ және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ келісілген шешімімен Қазақстанныӊ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін 2016 жылдыӊ көктемгі егістік жұмыстары үшін дизель отыныныӊ ұсынылған бағасы тоннасына 95 421 теӊгені құрайды (FCA шарты бойынша - зауытта), яғни 1 литріне 79 теӊге, бөлшек саудада 99 теӊге/литр", - делінген министрліктіӊ хабарламасында, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сонымен қатар, облыстар бойынша 2016 жылдыӊ Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерініӊ көктемгі егістік жұмыстары үшін дизель отыныныӊ сұранысы 366,8 мыӊ тоннаны құрайды. Ағымдағы жылдыӊ көктемгі егістік және астық жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 60 млрд теӊге бөлінді.

Еӊ алдымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін арзандатылған дизель отынын беру заӊнамалық тұрғыда бекітілді. Атап айтқанда, "Мұнай өнiмдерiнiӊ жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардыӊ айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" ҚР Заӊыныӊ 7 бабыныӊ 4-тармағына сәйкес Энергетика министрлігі көктемгі егіс пен жиын-терін жұмыстарын және жылу беру кезеӊін ескере отырып, жыл сайын мұнай өнімдерін өндірушілердіӊ технологиялық қондырғыларыныӊ жоспарлы-алдын алу жұмыстарыныӊ кестелерін бекітеді.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған ҚР Заӊыныӊ 24 бабыныӊ 4-тармағына сәйкес мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер және мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер жыл сайын, мұнай өнімдерін өткізу кезінде 1 наурыз - 31 мамыр және 1 тамыз - 31 қазан аралығы кезеӊінде - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге басымдық беруге міндетті.

Дизель отынын беруді бақылау тәулік сайын жүргізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны