17.10.2012, 13:24 3382

"Эйр Астана" Алматыдан Хошиминге жаңа рейс ашпақ

"Алматыдан Хошиминге қатынайтын рейстер Бангкок арқылы ұшса, кері рейс Хошиминнен тікелей жүзеге асырылады. Ұшу уақытының ұзақтығы 7 сағат. Аталған бағытқа қатынайтын жолаушылар аптасына 2 рет, сәрсенбі мен жұма күндері Boeing 757 ұшағымен тасымалданады", - делінген хабарламада.

Алматы. 17-қазан. Kazakhstan Today - Air Astana әуе компаниясы 2013 жылдың 2-қаңтарынан бастап Алматы-Хошимин бағытына қатынайтын әуе рейсін ашады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Алматыдан Хошиминге қатынайтын рейстер Бангкок арқылы ұшса, кері рейс Хошиминнен тікелей жүзеге асырылады. Ұшу уақытының ұзақтығы 7 сағат. Аталған бағытқа қатынайтын жолаушылар аптасына 2 рет, сәрсенбі мен жұма күндері Boeing 757 ұшағымен тасымалданады", - делінген хабарламада.

Бұл рейс Ресей, Орталық Азия және Кавказдан транзиттік жолаушылар легінің артуына ықпал етеді.

Алматы-Хошимин және Хошимин-Алматы рейстерімен барып-келу құны 88 мың теңгеден, бизнес-класта 348 мың теңгеден басталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны