13.06.2017, 15:03 4425

ЕҚДБ Қызылорда облысында әйелдер мен жастар үшін жұмыс орындарын ашуға арнап 350 млн АҚШ доллары көлемінде несие береді

Мақсат - Қызылорда облысындағы "Шалқия" қорғасын-мырыш өндіретін кен орында тау-кен өндірісін кеӊейту және нысанда байыту фабрикасын салу.

Қызылорда. 13 маусым. Kazakhstan Today - Еуропалық қайта құру және даму банкі (әріқарай - ЕҚДБ) "ШалқияЦинк ЛТД" тау-кен компаниясына 350 млн АҚШ доллары көлемінде бірлестірілген несие береді. Мақсат - Қызылорда облысындағы "Шалқия" қорғасын-мырыш өндіретін кен орында тау-кен өндірісін кеӊейту және нысанда байыту фабрикасын салу.

Несиелік келісім Банктіӊ Қазақстанныӊ шалғай аймақтарыныӊ инклюзивті экономикалық дамуын қолдау бойынша стратегиясына сай келеді. Жоба Қызылорда облысыныӊ жалпы экономикалық өсімініне және білім беру сапасын көтеруге септігін тигізіп, әйелдер мен жастар үшін жұмыс тұрғысынан жаӊа мүмкіндіктерді сыйлайды.

Несиелік келісімге "ШалқияЦинк ЛТД" АҚ және ЕҚДБ өкілдері Астанада тұрақты энергетиканы дамытуға арналған Expo-2017 халықаралық көрмесі аясында қол қойды.

Бұл ЕҚДБ Қазақстандағы табиғи ресурстар саласында инклюзивті бағытты қамтамасыз ету бойынша жаӊа тәсілі шеӊберінде алғашқы жоба. Бағдарламаға сәйкес, өнеркәсіп, ЕҚДБ және мемлекеттік органдар тау-кен секторында қазақстандықтардыӊ кәсіби-техникалық біліктілігін көтеру мақсатында бірлесіп жұмыс істейді. "Шалқия" кен орнын дамыту және аталмыш бағыт бойынша өзге жобаларды жүзеге асыру есебінен техникалық білім сапасын жақсарту және осы секторда еӊбек нарығында әйелдердіӊ теӊ құқықтарын қамтамасыз ету үшін нормативтік-құқықтық кедергілерді жою көзделуде. Өйткені тау-кен саласы шалғай аймақтарында негізгі табыс көзі болып табылады.

Жоба мақсаты - үздік әлем тәжірибесін енгізу мен тұрақтылық мәселелерін шешу, Қазақстандағы тау-кен секторыныӊ технологиялық дамуын қолдау және жасыл экономикаға көшу.

"ШалқияЦинк ЛТД" АҚ "Самұрық-Қазына" АҚ қоржындық компаниясы "Тау-Кен Самұрық" АҚ тиесілі.

Банк қолдауымен жоба Қазастан Үкіметініӊ бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жекешелендіру бағдарламасы шеӊберінде нысанды ықтималды сатуға даярлыққа да үлес қосуы мүмкін. ЕҚДБ осы бастаманы қолдап, бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асырып үлгерді.

"Бұл "Самұрық-Қазына" және ЕҚДБ табысты серіктестігініӊ айқын дәлелі, - деп атап өтті Нандита Паршад, ЕҚДБ Энергетика және табиғи ресурстар жөніндегі басқарушы директоры,- Бірлескен жұмыс пен тәжірибеміз есебінен "ШалқияЦинк ЛТД" АҚ ойдағыдай жекешелендіруге болады. Біз жобаныӊ аймақтыӊ дамуына игілікті әсерін күтеміз, әсіресе жаӊа жұмыс орындарын құру және осы секторда әйелдерге жаӊа мүмкіндіктері беру тұрғысынан".

"Илемдегі қорғасын-мырыш өндіретін еӊ ірі кен орындарыныӊ бірі болып табылатын "Шалқия" кен орнын өндіру Қазақстанныӊ жаӊа индустрияландыру бағдарламасымен жүзеге асыруға зор үлес қосуы тиіс. Бүгінде кәсіпорында 500-ден астам жұмыс орны бар, ал негізгі нысандардыӊ құрылысына 1500-ден астам адам атсалысады. ЕҚДБ несиесін алу арқасында "ШалқияЦинк ЛТД" АҚ және "Тау-Кен Самұрық" АҚ инвестициялық тартымдылығы көтерілмек", - деді "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

Қазіргі таӊда ЕҚДБ Қазақстан экономикасыныӊ әр алуан секторларына шамамен 7.2 млрд еуро (8 млрд АҚШ долларына жуық) салды. Банктіӊ еліміздегі қызметі макроэкономикалық сындарға жауап беретін және халықаралық дәрежеде бәсекеге қабілетті болатын тұрақты әрі әртарапты экономиканы құруға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны