03.09.2012, 15:29 3186

ЕҚДБ Шардара СЭС жаңғыртуға 9 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

Қаражат "Шардара СЭС-ін жаңғырту" инвестициялық жобасын қаржыландыруға бағытталады. Бұл туралы "Самұрық-Энерго" АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Астана. 3-қыркүйек. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы 24 тамызда Лондонда (Ұлыбритания) "Шардара СЭС-і" АҚ ("Самұрық-Энерго" АҚ еншілес компаниясы) мен Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) 9,150 млрд. теңге сомасына кредиттік келісімге қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қаражат "Шардара СЭС-ін жаңғырту" инвестициялық жобасын қаржыландыруға бағытталады. Бұл туралы "Самұрық-Энерго" АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Қол қою рәсіміне Қазақстан тарапынан "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасы А.М.Сәтқалиев, "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Г.Т.Пазылхаирова және "Шардара СЭС-і" АҚ Басқарма Төрағасы А.Б.Ысқақов қатысты.

ЕҚДБ атынан Электр энергетикасы басқармасының директоры Нандита Паршад, TEECCA басқарушы директоры Оливер Декамп, Электр энергетикасы басқармасының аға банкирі Аида Сытдықова және Қазақстандағы ЕҚДБ Өкілдігінің директоры Джанет Хэкман өкілдік етті.

"Бұл жобаның Қазақстанның оңтүстік өңірін электр энергиясымен қамтамасыз етуде маңызы зор.Ол Қазақстан Республикасының экономикасын орнықты дамыту аясында жаңа технологияларды тартумен, қалпына келетін электр энергиясы көздерін дамытумен байланысты", - деп атап өтті "Самұрық-Энерго" АҚ басшысы Алмасадам Сәтқалиев.

"Шардара СЭС-ін жаңғырту" жобасы Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілген және су электр станциясының апатты жағдайда тоқтап қаоу қаупін азайту, оның белгіленген қуатын 16% -ға 116 МВт-қа дейін, электр энергиясын қосымша өндіру көлемін жылына 57 млн. кВт/сағ. көбейту мақсатында іске асырылады. Жобаның жалпы құны 15,2 млрд. теңгені құрайды.

Заем қаражатын Жобалық келісімдерге сәйкес ілеспе құрылыс-монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарын қоса алғанда, құрал-жабдықтарды сатып алумен байланысты шығындарды қаржыландыруға пайдалану жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны