24.12.2007, 18:14 3074

Екі құрылыс компаниясы екінші деңгейлі банктерден құрылысты аяқтауға несиелер алды

Екі құрылыс компаниясы екінші деңгейлі банктерден құрылысты аяқтауға несиелер алды

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Екі құрылыс компаниясы екінші деңгейлі банктерден құрылысты аяқтауға несиелер алды. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов парламентте өткен үкіметтік сағат барысында мәлімдеді.

"Механизм жұмыс істей бастады. Соған сәйкес 500 млн теңге "BI-Group", тағы 500 млн теңге "Қуат" корпорациясына құрылыс бағдарламасын аяқтауға жылдық 14% өсіммен берілді", - деді Ғ. Оразбақов.

Министрдің айтуынша, банктер несиені бөлуде нарықтық көзқарасқа бағынады. "Біз нарықтық көзқарасқа бағынамыз, біз банктерге өз көзқарасымызджы таңа алмаймыз. Компания несиені қайтара ала ма, жоқ па, құрылыс жобасы іске асуға лайық па әлде лайық емес пе дегенге банктердің өззері қарасын", - деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанада 6 желтоқсанда үкіметтің атынан ҚР қаржы министрлігі мен Астана әкімдігі, "Қазына" ТДҚ, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ және екінші деңгейдегі банктер арасында серіктестік жөнінде келісімге қол қойылды.

"Қазына" ТДҚ басқармаларының төрағасы Қ. Келімбетов осыған орай мемлекет басшысының "Астанадағы тұрғын үй нысандарының құрылысын аяқтауға фонд құру, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ, индустриялық және инфрақұрылымдық нысандарды қайта қаржыландыруға $4 млрд бөлу жөнінде шешім қабылдағанын еске салды. "Осы жылдың аяғына дейін бұл мақсатқа $1 млрд көлемінде қаржы бөлінеді, бұл қаржы барлық бағыттар бойынша мынадай арақатынаста бөлінеді: $400 млн Астанадағы құрылыс нысандарын аяқтауға, $400 млн -шағын және орта бизнесті қолдауға, $200 млн -индустриялық нысандарды қайта қаржыландыруға бағытталады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны