19.02.2020, 18:48 8601

Екібастұз көмір бассейнінде жаңа жоба іске асырылуда

Электр энергетикалық саласының жұмысы мен тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері бүгін ҚР Парламенті Сенатында талқыланды

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Қазіргі уақытта "Богатырь Көмір" ЖШС "Богатырь" кесігінде көмір өндірудің циклды-ағынды технологиясы" жобасын (ЦАТ) іске асыруда, оны аяқтау 2022 жылдың бірінші тоқсанында жоспарланады. Бұл туралы, бүгін "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінде сөйлеген сөзінде айтты.

2020 жылы, жазғы кезеңде көмір жеткізудің уақытша төмендеуін ескере отырып, "Богатырь Көмір" ЖШС тұтынушыларға көмірді 42 млн. тонна деңгейінде жеткізуді жоспарлап отыр, бұл кәсіпорынның жобалық қуатына сәйкес келеді.

ЦАТ жобасын іске асырғаннан кейін "Богатырь Көмір" ЖШС-ның жобалық қуаты жылына 50 млн. тонна көмір өндіруді құрайтын болады, бұл ҚР мен РФ электр станцияларының ағымдағы және болашақтағы көмірге деген мұқтаждықтарын қамтамасыз етеді.

ЦАТ жобасы көмір өндірудің авто-конвейерлік технологиясын ендіруді қарастырады, бұл "Богатырь" кесігінің өндірістік қуатын арттырады. Жаңа технология өнімнің сапалық сипаттамаларын жақсартады, көмірді теміржол вагондарына тиеудің салмақтық дәлдігін қамтамасыз етеді және көмірді вагондарға тиеудің уақытын 3 есе қысқартады.

"Самұрық-Энерго" басшысы "Богатырь" кесігінде көмір өндіру технологиясын түбегейлі өзгерту қажеттілігі көмірді теміржол арқылы тасымалдаудың қолданыстағы схемасы тиімсіз болып табылатын тау-кен жұмыстарының тереңдігіне қол жеткізумен, ал негізгі тау-кен көлік жабдықтары өз ресурсын тауысқанын және жаңартуды қажет ететініне байланысты екенін атап өтті.

"ЦАТ-ты салу кестесіне сәйкес, 2020 жылғы мамыр-тамыз аралығында теміржол желілерін кесіп өтетін конвейерлік эстакадаларды құрастыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары, сондай-ақ ЦАТ объектілерінің іргетастары үшін екі көмір теміржол жолдарын демонтаждау жоспарланды. Аталған шаралар көмір тасымалдаудың өткізу қабілетін уақытша шектеуге, сәйкесінше, 2020 жылдың мамыр-тамыз аралығында "Богатырь" кесігі өндірістік қуатының 30%-ға, қыркүйектен бастап жылдың соңына дейін - 10%-ға төмендеуіне әкеп соғады", - деді Бақытжан Жоламанов.

Электр энергетикалық саласының жұмысы мен тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері бүгін Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті мен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мүшелерінің уәкілетті органдармен кездесуі барысында ҚР Парламенті Сенатында талқыланды.

"Богатырь Көмір" ЖШС-ны тепе-теңдік негізде "Самұрық-Энерго" АҚ және ресейлік "РусАл" БК басқарады. Компания Қазақстанның Павлодар облысындағы "Богатырь" және "Северный" екі кесігінде ашық әдіспен көмір өндіреді. "Богатырь Көмір" ЖШС-ның теңгерімдік қоры 2,75 миллиард тоннаны құрайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты - жылына 42 млн. тонна көмірді, оның ішінде "Богатырь" кесігі бойынша - 32 миллион тонна, "Северный" кесігі бойынша - 10 миллион тонна құрайды. Кәсіпорында шамамен 6,5 мың адам жұмыс жасайды. 2018 жылдың қорытындылары бойынша компанияның үлесі Қазақстанда барлық өндірілетін көмір көлемінің шамамен 40 %-ын (44,9 млн. тонна) және Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін көмір көлемінің 59%-ын құрайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны