17.02.2011, 17:28 3274

Екібастұз ГРЭС-1 № 6 энергоблогындағы екінші электр сүзгіші IV тоқсанда пайдалануға беріледі

Екібастұз ГРЭС-1 № 6 энергоблогындағы екінші электро сүзгіш IV тоқсанда пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 17 - ақпан. Kazakhstan Today - Екібастұз ГРЭС-1 № 6 энергоблогындағы екінші электро сүзгіш IV тоқсанда пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС-де осы жылдың 4-ші тоқсанында №6 энергоблоққа жалпы құны 2 миллард теңгеден асатын екінші электр сүзгісін орнату жоспарланды. Бір электр сүзгісінің жалпы құны 2 млрд. астам теңгені құрап отыр, деп хабарлады "Қазақмыс" компаниясы.

Бұл ақпарат Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі - Премьер Министрдің орынбасары Исет Өрентайұлы Исекешевке ұсынылды.

Жұмыс сапарының барысында станция басшылығы мөлшері 220,4 млрд.теңгеге шақталған инвестициялық көпжылдық бағдарламаның жүзеге асырылуы барысы туралы мәлімет берді. Бағдарлама, жұмыс істемей тұрған үш энергоблокты қалпына келтіруді, сегіз электр сүзгісін орнатуды, жұмыс істеп тұрған бес энергоблоктың және жалпыстанциялық жабдықтардың капиталдық жөндеулері мен модернизациялануын көздеп отыр.

"Кәсіпорын басшылары 2010 жылдың басынан бері жалпы инвестициялық бағдарламаның орындалуы жеделдетілгендігін жеткізді. Бұған септігін тигізген: электр энергиясына шекті тарифтердің енгізілуі, өндірістік тұтынушылар тарапынан сұраныстың қалпына келуі мен станцияның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жақсарғандығы", - деп көрсетілген хабарламада.

Өткен жылы станцияның өндірістік көрсеткіштері орташаблоктық жүктеменің артуы, елеулі жөндеу жұмыстарының өткізілуі мен жабдықтардың жұмысының оңтайландырылуы есебінен жақсара түсті.

2010 жылдың соңында электр станциясының №5 энергоблогында бірінші жоғары тиімділікті электр сүзгісі орнатылды.

2012 жылы №8 энергоблокты электр сүзгісімен бірге пайдалануға беру жоспарлануда. Энергоблокты қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарға 400 адамнан тұратын 10 мердігер ұйым қатысуда. Қазіргі сәтте жоба 50 пайызға қаржыландырылып отыр. 12,8 млрд.теңге сомасындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарына 70-тен астам шарт жасалды.

Жоспарланған мерзімінен бір жыл бұрын №2 энергоблоктағы жұмыстар қатар басталды, ол, энергоблоктың жеделдетілген кесте бойынша пайдалануға берілуіне мүмкіндік туғызады. Жобаның жалпы құны шамамен 61 млрд.теңгені құрайды. 2010 жылдың соңында, 20 млрд.теңгеден астам сомаға турбогенератор мен турбогенератордың, қазандық агрегатының негізгі жабдықтарын жеткізуге шарттар жасалып, тендерлер өткізілді. Электр станциясында әрбір қосымша энергоблоктың іске қосылуымен қатар, электр станциясында қосымша тағы 25 тұрақты жұмыс орындары ашылатын болады.

Оның үстіне, электр станциясында қазандық, турбиналық және отын-көлік цехтарында құрылыстық және жөндеу, монтаждау, демонтаждау жұмыстары жалғасуда. Нақты алғанда, жоспарланған жұмыстардың жалпы көлемінен 23 пайызы орындалды.

"Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС Басқармасының Төрағасы Эдуард Огайдың сөзі: "Екібастұз ГРЭС-1 ұзақ уақыт бойы тұрақты да жағымды өндірістік және қаржылық нәтижелерін байқатып келеді. Біз, Қазақстан энергетикасының Флагманы қосымша қуаттылықтарды дер кезінде пайдалануға беріп, елдегі электр энергиясына деген артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыра алатындығына сенімдіміз".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны