08.02.2008, 19:31 4997

Екібастұз ГРЭС-2 аймақтағы экологияға кері әсерін тигізбейді - "Энергопром" ҒЗИ

Екібастұз ГРЭС-2 аймақтағы экологияға кері әсерін тигізбейді - "Энергопром" ҒЗИ

Екібастұз. 8 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Екібастұз ГРЭС-2 3- және 4-ші энергоблоктарының құрылысы аймақтың экологияға қатты әсерін тигізбеу керек. Бұл туралы Екібастұз ГРЭС-2 үшінші және төртінші қуат блоктарының құрылысы бойынша техникалық экономикалық негіздемелерін жасап, қоғамдық талқылауларға қатысқан "Энергопром"қазақ ғылыми зерттеу институтының өкілдері құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің мәліметтеріміз бойынша, 3-ші және 4-ші энергоблоктарының құрылысы қоршаған ортаға қатты әсер тигізбейді", - деді "Энергопром" институтының бас маманы Любовь Молчанова. Оның сөздері бойынша, " республикалық денсаулықты қорғау орталығының сараптық бағалау тәсілдеріне сәйкес, ауаға шығарылатын зиянды заттар деңгейі қалыпты және экологиялық тәуекелі мардымсыз".

Бұдан бұрын хабарланғанындай, №3 блогына жаңартылған "Т" кейпіндегі қазандық қойылады. Ал 4-ші блокқа- "мұнара" іспеттес қазандығы орнатылады.

ҒЗИ мамандарының айтуынша, ГРЭС-2 жұмысы барысында ауаға негізінен күкірт диоксиды, азот оксиді, күл шаңы мен парник газдары шығарылады. "Қоршаған ортаға тигізетін әсеріне байланысты өткізілген алдын ала сараптау жұмыстары бойынша, ТЭН көрсетілген қазандық- жабдықтары мен құрылыс нысандары Қазақстанның табиғатты қорғау заңдарының барлық талаптарына сәйкес келіп, жобада экологияны қорғауға бағытталған шарттар ескерілген", - деп атап өтті жоба авторлары.

Олар хабарлағанындай, ауаға зиянды заттар көлемін шығаруды азайту үшін, заманауи электрофильтрлер, сондай-ақ көп сатылы отынды жағу жүйелерін орнату және тағы да басқа шараларды қолға алу жоспарлануда. "Бұл шараларды жүзеге асыру үшін қомақты қаржы керек, олардың бәрі бүгінгі күні құрылыс блоктарының жоба құнына кіргізілген", - деп атап өтті Л. Молчанова.

Бұдан бұрын хабарланғанындай екі блоктың құрылысына жұмсалатын инвестиция көлемі 160 млрд 659 млн теңгені құрайды .Оның 30% табиғатты қорғау шараларына жұмсалады.

Жоба бойынша №3 блогы 2014 жылы тапсырылады деп жоспарланған, ал №4 блогы 2016 жылы іске қосылады. Астана мен Мәскеу арасында ГРЭС -2 базасы негізінде қазақстан-ресей кәсіпорны құрылғаннан кейін, жаңа блоктардың құрылысы жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстандық акцияның жартысы "Самырұқ" АҚ иелегінде болса, қалған 50% "ЕЭС Ресей"ААҚ меншігінде

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны