16.05.2008, 14:15 2935

Экібастұз ГРЭС-2 басшылығы станцияда апат болғаны жөніндегі ақпаратты ресми түрде теріске шығарды

Экібастұз ГРЭС-2 басшылығы станцияда апат болғаны жөніндегі ақпаратты ресми түрде теріске шығарды

Павлодар. 16 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Экібастұз ГРЭС-2 басшылығы станцияда апат болғаны жөніндегі ақпаратты ресми түрде теріске шығарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Станция жұмыс істеп тұр және жоспарлы режимде жұмысын жалғастыруда", - деп хабарлады агенттік тілшісіне "СЭГРЭС-2" ААҚ басқармасы төрағасының орынбасары Владимир Асташов. Оның сөздері бойынша, қазіргі уақытта қуаттылығы 650 МГВт болып отырған екі энергоблок жұмыс істеуде.

"Құралдар тоқтап қалған да, істен шыққан да жоқ, сондықтан тұтынушыларға электр қуатының тасымалы тоқтатылмады", - деп атап өтті В. Асташов.

Оның сөздері бойынша, қазіргі кезде станция жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайындалуда.

"Бекітілген кесте бойынша бүгінде жұмыс жасап жатқан №1 энерго блогының жөндеу жұмыстары 16 мамырдан басталады ", - деді "СЭГРЭС-2" ААҚ басқармасы төрағасының орынбасары

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Шығыс Қазақстан аумақтық энергетикалық компаниясының баспасөз қызметі ("ШҚ АЭК") Ермак энергетикалық кешенінде апатты оқиғаның орын алуына байланысты 15 мамырда сағат 15.00 KEGOC қуат көздерінің таратылуына шектеу енгізді деп хабарлаған болатын".

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, " Ермак энергокешенінде болған апаттан Семейдің 80% тұтынушылары мен Өскеменнің 30 пайыз тұрғындары электр жарығынсыз қалды. Ал Аягөз 100%, Риддер қалалары 70% электр қуатынсыз қалды".

Қазақстанның AES компаниясы тобының PR-директоры Олжас Бибанов хабарлағанындай, электр қуаты беріле бастады, бірақ бұл қуат қоры келесі күнге дейін жетеді.

" "Шығысэнерготрейд" ЖШС КЕGОC -тан келесі күннің бірінші жартысына дейін жететін қуат резервтерін сатып алды "", - деп ақпарат берді О. Бибанов.

Ол хабарлағанындай, бүгінгі кезде компанияның басшылары электр қуатын таратушылардың қорында қалған бос қуат көздерін іздестіруде.

Экібастұздағы 2-ші ГРЭС - Қазақстандағы ең заманауи электр станциясы болып саналады. Оның бірінші блогы 1990 жылы іске қосылса, №2-ші энергоблогы 1993 жылы тапсырылды. Станцияның жобалық қуаты 1000 МГВт. Қазақстан және РФ елдері басшыларының шешімдері бойынша ГРЭС-2 негізінде бірлескен қазақ-ресей кәсіпорны құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны