11.01.2012, 13:09 4445

Екібастұз ГРЭС-2 электр қуатын өндіру көлемін өсіруде

Павлодар облысындағы "Екібастұз ГРЭС-2" АҚ-да электр қуатын өндіріп шығару өткен жылы 5,9 млрд. кВт/сағ. құраған.

Павлодар. 11-қаңтар. Kazakhstan Today - Екібастұз ГРЭС-2 электр қуатын өндіру көлемін өсіруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Павлодар облысындағы "Екібастұз ГРЭС-2" АҚ-да электр қуатын өндіріп шығару өткен жылы 5,9 млрд. кВт/сағ. құраған.

Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 8,8 пайызға көп болды, деп хабарлайды кәсіпорынның баспасөз қызметі.

"Бұл мол жұмыс тәжірибесі бар барлық энергетиктер ұжымының арқасы", - деп атап өтті АҚ басқармасының төрағасы Ғани Сәлімжуаров.

Бірінші электр қуатын алғанының 21 жылдығын атап өткен стансада негізді жабдықтауды ауыстыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан екі энергоблокты жаңартуға өткен жылы 11,8 млрд. теңге бөлінсе, ОРУ-500 кВ кеңейтуге және қайта құруға және оның 1150 квВ "Екібастұздық" қосалқы стансасына қосылуы үшін 501 млн. теңге бөлінген. Бірінші энергоблок ағымдағы, екінші энергоблок күрделі жөндеуден өтті, отын-көліктік цехының жаңартылуы мен техникалық қайта жабдықталуы аяқталып жатыр, таспалы конвейері толық ұйымдастырылды, жарықтандыру жүйесі жаңартылып, сүргіш паркі ауыстырылды.

Осының барлығы стансаға электр қуатын тұрақты өндіріп шығаруға мүмкіндік берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны