30.12.2013, 12:25 3571

Екібастұз МАЭС-2 6 млрд 201 млн кВтс электр қуатын өндіріп рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Екібастұз МАЭС-2 6 млрд 201 млн кВтс электр қуатын өндіріп рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Алматы. 30 желтоқсан. Kazakhstan today. Екібастұз МАЭС-2 энергетиктері бес жыл бұрын қол жеткізген көрсеткішті бағындырып, жаңа рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"Жылдық жоспар жыл аяқталардан бір апта бұрын орындалды.. Ал 28-інші желтоқсанда МАЭС-2 6 млрд 201 млн кВтс электр қуатын өндіріп рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Осылайша Екібастұз МАЭС-2 энергетиктері бес жыл бұрын қол жеткізген көрсеткішті бағындырып, жаңа рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, ол кезде компания 6 млрд 199 млн кВтс қуат өндірген еді", - делінген хабарламада.

Рекордтық көрсеткіштің бағындырылуы екінші энергоблоктың шығарылғанына 20 жыл толуына сәйкес келіп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны