23.08.2012, 09:34 3486

Екібастұз вагон жасау зауыты 500-ден астам жартылай жүк вагондарын шығарды

"Қазақстан вагон жасау зауыты" биылғы жылы 1800, ал 2013 жылы 2500 вагон шығаруды көздеп отыр. Бұл туралы бейсенбі күні Қазақстан даму банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Екібастұз. 23-тамыз. Kazakhstan Today - Екібастұз вагон жасау зауыты 500-ден астам жартылай жүк вагондарын шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан вагон жасау зауыты" биылғы жылы 1800, ал 2013 жылы 2500 вагон шығаруды көздеп отыр. Бұл туралы бейсенбі күні Қазақстан даму банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жоспар бойынша биыл 1800 данадан астам вагон шығармақпыз. Келер жылы зауыт толық жобалық қуаттылығына еріседі, жылына 2500 вагон шығарамыз. Бұл Қазақстан темір жолының Ресей мен Украинадан тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері компания Екібастұз вагон жасау зауытында 500-ден астам жартылай жүк вагондарын шығарды.

Бұл жобаны 2009 жылы ҚДБ қаржыландырған болатын. Жобаның жалпы құны 56 млн доллардан асады.

Зауыт 2011 жылдық қыркүйегінде іске қосылған болатын. Зауыт өнімдерін негізінен отандық жүк тасымалдаушы - "Қазтеміртранс" АҚ тұтынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны