26.12.2011, 15:01 3946

Екібастұзда базальттық жылылықты сақтайтын өнімі игерілді

"Базальттық супержіңішке талшықтар өндірісі цехында қуаттылығы жылына 45 мың текше метр өнімдер шығаратын алғашқы желі іске қосылды. Жобаның құны - 250 млн. теңге", - деп хабарлады зауыттың директоры Арман Имірғалинов.

Павлодар. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - Екібастұзда базальттық жылылықты сақтайтын өнімі игерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, базальттық жылылықты сақтау өнімін республикада алғашқы болып Екібастұз минерал-мақта өнімдері зауытында игерілді.

"Базальттық супержіңішке талшықтар өндірісі цехында қуаттылығы жылына 45 мың текше метр өнімдер шығаратын алғашқы желі іске қосылды. Жобаның құны - 250 млн. теңге", - деп хабарлады зауыттың директоры Арман Имірғалинов.

Қызуға төзімді базальттық жылылықты сақтау өнеркәсіпте, энергетикада, құрылыста және коммуналдық шаруашылықта қолданылады. Ол жанбайды, өрт кезінде бірікпейді, 700 градус температураға дейін түрі өзгермейді, экологиялық жағынан қауіпсіз және одан аллергия болмайды.

Зауыт жаңа өнімге тапсырыстарды Қарағанды мен Алматы қалаларынан алып үлгерді, жергілікті тұтынушылар - екібастұздық энергетиктерге өнімді тиеу басталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны