22.11.2012, 15:08 2761

Екібастұзда екі "ілкі" жобаны жүзеге асыру 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді

А.Вербняктің ақпараты бойынша, Шағын қалаларды дамыту бағдарламасының екінші бағыты - "Экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту" аясында жалпы сомасы 260 млрд теңгені құрайтын екі "ілкі" жоба: жылына 25 млн тонна кен өндіретін Бозшакөл кен-байыту комбинатының құрылысын және "Проммашкомплект" ЖШС-да бағыттарды ауыстыру және теміржол доңғалақтарын өңдеу өндірісін іске асыру жоспарланған.

Екібастұз. 22-қараша. Kazakhstan Today - Екібастұзда Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясындағы екі "ілкі" инвестжобаны жүзеге асыру 1829 тұрақты жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербнякқа сілтеме жасай отырып BNews.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

А.Вербняктің ақпараты бойынша, Шағын қалаларды дамыту бағдарламасының екінші бағыты - "Экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту" аясында жалпы сомасы 260 млрд теңгені құрайтын екі "ілкі" жоба: жылына 25 млн тонна кен өндіретін Бозшакөл кен-байыту комбинатының құрылысын және "Проммашкомплект" ЖШС-да бағыттарды ауыстыру және теміржол доңғалақтарын өңдеу өндірісін іске асыру жоспарланған.

Бозшакөл кен-байыту комбинатын іске қосу 1500 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 2013 жылдың шілдесінде өндіріс толық қуатта жұмыс жасауға іске қосылуымен "Проммашкомплект" ЖШС-да 329 жаңа жұмыс орны ашылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны