02.07.2015, 16:19 3756

Екібастұзда ИИД МБ аясында құны 40,8 млрд теӊге болатын өндірісті кеӊейту жобасы іске қосылады

Екібастұз қаласында Қазақстанныӊ Даму банкі қолдауымен темір жол дөӊгелектері өндірісін кеӊейту жобасы іске қосылады, деп хабарлайды ҚДБ-де

Астана. 02 Шілде. Kazakhstan Today - Екібастұз қаласында Қазақстанныӊ Даму банкі қолдауымен темір жол дөӊгелектері өндірісін кеӊейту жобасы іске қосылады, деп хабарлайды ҚДБ-де, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ҚДБ Екібастұз қаласында темір жол дөӊгелектері өндірісі қуаттылығын арттыру бойынша жобаны қаржыландыра бастайды. Жобаныӊ жалпы құны 40,8 млрд теӊгені құрайды, қажетті қаражаттыӊ 73,5%-ын Даму банкі 15 жыл мерзімге береді", - делінген хабарламада, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Банктіӊ мәліметінше, жобаны "Проммашкомплект" ЖШС базасында жүзеге асыру кәсіпорын қуаттылығын жылына 75 000 дөӊгелектен 250 000 дөӊгелекке дейін арттыруға мүмкіндік береді. Өнім жоғары жылдамдықты жылжымалы құрамы, жолаушылар және жүк тасымалы, ҚР локомотив жиынтығына арналған.

Жоғары технологиялық жабдықтарымен жабдықталған жаӊа өндіріс нысанын 2017 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр, 400-ден астам жаӊа жұмыс орындары құрылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны