28.10.2018, 13:10 5098

Екібастұздағы "Богатырь Көмір" ЖШС кеніштерінде биыл 32 556 мыӊ тонна көмір өндірілді

"Самұрық-Энерго" электр энергетикасы холдингі мамандарыныӊ сөзінше, тиелген көмірдіӊ 80 процентке жуығы электр энергиясы мен жылу өндіру үшін республиканыӊ энергия өндіретін кәсіпорындарына жіберілген.

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - Екібастұздағы "Богатырь Көмір" ЖШС-ныӊ кеніштерінде а.ж. 9 айда жоспарланған 29 778 мыӊ тоннаныӊ орнына 32 556 мыӊ тонна көмір өндірілді.Осы орайда компания бүгінге дейін 32 869 мыӊ тонна көмір жөнелтті, бұл жоспарланған көлемніӊ 110 процентін құрайды.

"Самұрық-Энерго" электр энергетикасы холдингі мамандарыныӊ сөзінше, тиелген көмірдіӊ 80 процентке жуығы электр энергиясы мен жылу өндіру үшін республиканыӊ энергия өндіретін кәсіпорындарына жіберілген.

Бұдан тыс, "Богатырь Көмір" қатты отынды коммуналдық-тұрмыстық мұқтажды өтеу үшін жөнелтеді. Бұл жерде сөз ауылдық елді мекендердегі, екібастұз көмірі паспортта көрсетілген отын болып табылатын, ұсақ қазандықтар туралы болып отыр. Олар бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірді (КТК) тиеп-жөнелтудіӊ 1 000 000 тонна жоспары ағымдағы жылғы 25 қыркүйекте орындалып қойды. Осы уақытқа қарай жеткізу көлемі 1 037 мыӊ тоннаны құрады. Естеріӊізге сала кетейік, өткен жылы тұтынушыларға 1 398 551 тонна көлемінде КТК жөнелтілген болатын.

Бүгінгі күнге қарай көмір өндіруші компания 2018-2019 жж. жылу маусымына дайындық аясында тапсырыс берушілердіӊ барлық сұранысын орындады.

Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін бүкіл көмірдіӊ 60 проценті және Қазақстан Республикасында өндірілетін көмірдіӊ жалпы көлемініӊ 40 проценті "Богатырь Көмір" ЖШС-ныӊ үлесіне тиесілі. Компанияныӊ негізгі тұтынушылары қатарында қазақстандық компаниялар: "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, Алматы және Степногорск ЖЭО, "Қарағанды Энергоорталық" ЖШС (ЖЭО-1, ЖЭО-3), "СевКазЭнерго" АҚ, "Астана-Энергия" АҚ (ЖЭО-1, ЖЭО-2), "Көкшетаужылу" МКК, "Павлодарэнерго" АҚ, "Bassel Group LLS" ЖШС (Теміртау қаласы), сондай-ақ ресейлік компаниялар: Рефтинск, Троицк ГРЭС-тері бар.

"Богатырь Көмір" ЖШС-ні "Самұрық-Энерго" АҚ мен ресейлік "РусАл" БК теӊ негізде басқарады. Компания Қазақстанныӊ Павлодар облысындағы "Богатырь" және "Северный" кеніштерінде көмірді ашық әдіспен өндіреді. "Богатырь Көмір" ЖШС-ныӊ баланстық қоры 2,75 миллиард тоннаны құрайды. Кәсіпорынныӊ өндірістік қуаты - жылына 42 млн. тонна көмір өндіру, соныӊ ішінде "Богатырь" кеніші бойынша - 32 миллион тонна, "Северный" кеніші бойынша - 10 миллион тонна.

"Самұрық-Энерго" АҚ - Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларыныӊ 100%-ы "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысыныӊ негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтіӊ құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соныӊ ішінде: "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, "Богатырь Көмір" ЖШС, "Алматы электр станциялары" АҚ, "О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы" АҚ, "Шардара СЭС" АҚ және т.б. кіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны