03.07.2012, 14:40 3444

Екібастұздық МАЭС -1 қуаты 500 МВт өсті

Телекөпір барысында пайдалануға қалпына қайта келтірілген 500 МВт қуаты бар Екібастұздық МАЭС -1 №8 энергоблогы пайдалануға енгізілді.

Астана. 3-шілде. Kazakhstan Today - Екібастұздық МАЭС -1 қуаты 500 МВт өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Телекөпір барысында пайдалануға қалпына қайта келтірілген 500 МВт қуаты бар Екібастұздық МАЭС -1 №8 энергоблогы пайдалануға енгізілді.

Барлығына мәлім, Павлодар облысында республикадағы энергия тапшылығын жабуға бағытталған Екібастұздық МАЭС -1 қайта құрылыс ірі жобасы жүзеге асырылған.

"Бүгін біз қалпына қайта келтірілген 500 МВт қуаты бар Екібастұздық МАЭС -1 №8 энергоблогы пайдалануға енгізіп отырмыз. Станция қуаты Мощность 3 тмың МВт дейін ұлғаяды.Индустриализациялау бағдарламасы арқасында энергоблокта ең жаңа жабдық орнатылған", - деп телекөпір барысында АҚ "Самұрық - Энерго" басқару төрағасы Алмасадам Сатқалиев айтты.

Сонымен қатар, ол жаңа электрлік филтрлердің түтін қалдықтарының 99,6 % сезетінін атап өтті, бұл қоршаған ортаға зиян әсерді азайтады.Жобаны жүзеге асыруға барлығы 500 адам қатысты.

Телекөпір барысында мемлекет Басшысы қалпына қайта келтірілген Екібастұздық МАЭС -1 №8 энергоблогын пайдалануға енгізуге рұқсат берді.

"Бұл осы жылда Қазақстанда жіберіліп отырған, көптен күткен ірі жобалардың біреуі. Сіздер Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің қалай дамып келе жатқанын көріп отырсыздар.Егер біз осының барлығын электр энергиясымен қамтамасыз етпесек, келешекте даму мен өсім болмайды. Екібастұздық МАЭС -1 жөнделген энергоблок - бұл көптен күткен оқиға. Барлығыңызды жұмыстың аяқталуымен құттықтаймын, сәттілік тілеймін", - деп айтты Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны