19.06.2012, 11:05 2403

Екібазтұз ГРЭС-1-дің №8 энергоблогы іске қосылады

Осы айда қуаттылығы 500 МВт болатын №8 энергоблоктағы қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталып, оны іске қосу жоспарланып отыр. Оны қалпына келтіру жұмыстарына 10 мердігер ұйымның 500-ден астам адамы қатысты. Құны 23 млрд. теңгені құрайды. Энергоблок стансының өндірістік қуатын 3000 МВт-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Астана. 19-маусым. Kazakhstan Today - Екібазтұз ГРЭС-1-дің №8 энергоблогы іске қосылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақмыс тобы Екібастұз ГРЭС-1-дегі қалпына келтіру және қуаттылықты арттырудың көпжылдық инвестициялық бағдарламалар кезеңдерін қарқынмен іске асыруда.

Осы айда қуаттылығы 500 МВт болатын №8 энергоблоктағы қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталып, оны іске қосу жоспарланып отыр. Оны қалпына келтіру жұмыстарына 10 мердігер ұйымның 500-ден астам адамы қатысты. Құны 23 млрд. теңгені құрайды. Энергоблок стансының өндірістік қуатын 3000 МВт-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

"Біз 2020 жылға дейін жоспарланған Қазақстан энергетикасына арналған ірі инвестициялық бағдарламаны сәл ілгерілеушілікпен жүзеге асырудамыз. Ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында №8 энергоблок электр энергиясын өндіруді бастайды. Келесі энергоблоктың іске қосылуы жыл бойына электр энергиясын өндіруді 3,1 млрд. КВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді", - дейді Қазақмыстың отын-энергетикалық кешені тобының директоры Николай Коробовский.

Оның айтуынша, №2 энергоблокты қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары жоспарланған мерзімнен бір жыл бұрын басталды. Аталған жобаны іске асыру аясында Ресейдің "КОТЭС" ЖАҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қалпына келтіруге 61,5 млрд. теңге көлемінде қаржы жұмсау жоспарланып отырған №2 энергоблок 2014 жылдың соңына қарай іске қосылмақ. Қалпына келтіру және жаңғырту бағдарламасы қазандық жабдықтарын, турбиналар мен генераторларды ауыстыруды, жұмыс жасап тұрған қосалқы жабдықтарды қалпына келтіруді және заманауи электофильтрлерді енгізуді қамтиды

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны