09.07.2018, 21:11 4513

Екінші бастама: Жалақысы төмен жұмысшылардыӊ еӊбекақысын көбейту үшін олардыӊ салық жүктемесін азайту

Екінші бастамаға сәйкес, жалақысы 25 айлық есептік көрсеткіш немесе 60 125 (алпыс мыӊ бір жүз жиырма бес) теӊгеден төмен жұмысшылар үшін жеке табыс салығыныӊ мөлшерлемесін 10 есе төмендету ұсынылады.

Астана. 9 шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы 5 наурызда Мемлекет басшысы Бес әлеуметтік бастамасын жариялады.

Айтылған шаралар халықтыӊ әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Ұлттық экономика министрлігіне екінші бағыт бекітілген: "Жалақысы төмен жұмысшылардыӊ еӊбекақысын көбейту үшін олардыӊ салық жүктемесін азайту".

Екінші бастамаға сәйкес, жалақысы 25 айлық есептік көрсеткіш немесе 60 125 (алпыс мыӊ бір жүз жиырма бес) теӊгеден төмен жұмысшылар үшін жеке табыс салығыныӊ мөлшерлемесін 10 есе төмендету ұсынылады.

Жалпы республикада мұндай еӊбекақыны 2 миллионнан аса адам алады. Негізінен, бұл ауыл шаруашылығы мен саудада.

Аталған бастаманы іске асыру мақсатында мемлекеттік органдармен және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жұмыс жүргізілді.

Жұмыс нәтижесі бойынша жалақысы төмен жұмысшылардыӊ жеке табыс салығын төмендетудіӊ оӊтайлы тетігі айқындалды.

Мәселен, салық салынатын табыс 90 пайызға азайтылатын болады. Қалған еӊбекақыға 10 пайыз мөлшерлемемен жеке табыс салығы салынатын болады. Яғни, салық жүктемесі 10 есеге төмендейді.

2018 жылғы қарапайым мысал арқылы ЖТС ұсынылған есептеуді қарастырамыз.

Мәселе, жалақы айына 60 125 (25 айлық есеп көрсеткіш) теӊгені құрайды. Осы сомадан 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарыныӊ сомасы, яғни 6 013 теӊге шегеріледі, қалады - 54 112 теӊге. Бұл сомадан 1 еӊ төмен жалақы - еӊ аз салық салынбайтын кіріс, яғни 28 284 теӊге шегеріледі. Салық салынатын табыс (қолданыстағы механизм) - 25 828 теӊге қалады. Қолданыстағы механизм бойынша салық сомасы 25 828 *10% = 2 583 теӊге болады.

Ұсынылған тетікке сәйкес, салық салынатын табысыныӊ мөлшері 90%-ға төмендейді: 25 828 - (25 828*90%) = 2 583 теӊге. Бұл сомаға жеке табыс салығыныӊ 10% мөлшерлемесі бойынша салық салынатын болады - 2 583*10% = 258 теӊге.

Яғни, іс жүзінде салық мөлшері 10 есе 2 583 теӊгеден 258 теӊгеге дейін төмендейді, жалақы қосымша 2 325 теӊгеге өседі.

Аталған тетікті қолдану қызметкердіӊ дереу және кепілдікті қосымша табыс алуын (негізгі жалақы алу кезінде) пайымдайды және жұмыс берушініӊ қаржылық жүктемесін ұлғайтпайды.

Сонымен бірге, жұмыс берушініӊ әкімшілік шығындары минимизацияланды.

Жалпы республика бойынша жұмысшылар 29 млрд. теӊге шамасында қосымша еӊбекақы алатын болады.

Салық заӊнамасына тиісті түзетулер 2018 жылғы 2 шілдеде Мемлекеттік басшысымен қол қойылған "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заӊына көзделген.

Аталған тетік 2019 жылғы 1 қаӊтардан бастап жұмыс жасайтын болады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны