06.12.2007, 15:07 3266

Екінші деңгейдегі банктердің несиелік мөлшерлемелері нарықтық негізде белгіленуі тиіс - Келімбетов

Екінші деңгейдегі банктердің несиелік мөлшерлемелері нарықтық негізде белгіленуі тиіс - Келімбетов

Астана. 6-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Екінші деңгейдегі банктердің құрылыс ұйымдарына немесе шағын және орта бизнеске беретін несиелерінің мөлшерлемелері нарықтық негізде белгіленуге тиіс. Бұл туралы бүгін үкімет, Астана әкімдігі, "Қазына" тұрақты даму қоры (ТДҚ), "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ және екінші деңгейдегі банктер арасында серіктестік жөнінде келісім шартқа қол қойылғаннан кейін өткен баспасөз мәслихатында "Қазына" ТДҚ басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Екінші деңгейдегі банктер мемлекет қаржыландыратын мөлшерлемені негізге алады, сонымен қатар, оған өздерінің тәуекелдік сыйақысын қосады деген ойдамын",- деді Қайрат Келімбетов "екінші деңгейдегі банктер құрылыс компанияларына, шағын және орта бизнес нысандарына мемлекеттің экономиканың осы секторларына көмек көрсетуі аясында несиелерді қандай мөлшерлеме бойынша беретін болады?", деген сұраққа жауап бере отырып.

"Біз екінші деңгейдегі банктер құрылыс компанияларына немесе шағын және орта бизнес нысандарына несие беру мөлшерлемелерін шектеген жоқпыз, бұл мөлшерлеме нарықтық негізде белгіленуі тиіс",- деп қосты ол. Қайрат Келімбетов сондай-ақ, үкіметтің екінші деңгейдегі банктерге тұрғын үй құрылысы аясында және шағын және орта бизнеске "не шағын және орта бизнес үшін несие қаржысын ұсынатын не даму институттары өздерінің депозиттерін банктерге қазіргі күні 11 пайыз құрап отырған Ұлтттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен төмен емес мөлшерлемеде салатын" шешім қабылданғанын еске салып өтті.

"Содан кейін біз негіздеме ретінде Fitch агенттігінң несиелік рейтингін алдық. Яғни, жоғары рейтингтегі банктер олардан төмен рейтингте орналасқан банктерге қарағанда бұл қаражатты төменірек несиелік мөлшерлеме бойынша алатын болады", - деді "Қазына" қорының басшысы "мемлекеттік қолдау көрсету аясындағы ақша қаражаттары қайтарымдылық негізде берілетінін" еске сала отырып.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны