15.03.2012, 09:59 3774

Екінші деңгейлі банктер бюджет қаржысын тиімсіз пайдаланып отыр

"Ақ жол" партиясына кәсікерлерден көптеген ар-шағым келіп түсті. Олар президенттің тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаржының тиімсіз пайдаланылып отырғанын, аталған бағдарламалардың бұрмаланатынын айтады", - деді А.Перуашев палатаның сәрсенбі күнгі отырысында. Ол әріптестерін Ұлттық банк басшысы Григорий Марченкоға жолдаған депутаттық сауалымен таныстырды.

Астана. 15-наурыз. Kazakhstan Today - Екінші деңгейлі банктер бюджет қаржысын тиімсіз пайдаланып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Ақ жол" партиясына кәсікерлерден көптеген ар-шағым келіп түсті. Олар президенттің тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаржының тиімсіз пайдаланылып отырғанын, аталған бағдарламалардың бұрмаланатынын айтады", - деді А.Перуашев палатаның сәрсенбі күнгі отырысында. Ол әріптестерін Ұлттық банк басшысы Григорий Марченкоға жолдаған депутаттық сауалымен таныстырды.

Депутаттың айтуынша, "екінші деңгейлі банктер бөлінген қаржыны мүмкіндігінше кәсіпорындардың қолына бермеуге тырысып қана қоймай, оны өз табысын арттыру мақсатында пайдаланатын" көрінеді.

Мұны "Сандж" агенттігі жүргізген зерттеу нәтижелері де растап береді, дейді А.Перуашев. Зерттеуге қатысқан кәсіпкерлердің 59%-ы банк несиелерін көп шығынды, уақыт пен күшті талап ететінін атап өткен.

"Кәсіпкерлердің 30 пайыздан астамы несиені банкте танысы барлар ғана ала алатынына сенімді. Сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің 14%-ы кейбір банктердің қызметкерлері несие алу үшін қосымша ақы талап еткен. Аталған сыйақы мөлшері орта есеппен 2700 доллардан асады. Кейбір кәсіпкерлерден 40 мың доллар сұрағандар да болыпты", - деп атап өтті депутат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны