22.08.2011, 11:54 3395

Екінші жарты жылдықта жалпы құны 617 млрд теңгені құрайтын 129 индустриялдық жоба іске қосылатын болады

1,5 жылдың ішінде 914 млрд. теңгеге 227 инвестициялық жоба іске қосылды.

Астана. 22-тамыз. Kazakhstan Today - Екінші жарты жылдықта жалпы құны 617 млрд теңгені құрайтын 129 индустриялдық жоба іске қосылатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 1,5 жылдың ішінде 914 млрд. теңгеге 227 инвестициялық жоба іске қосылды.

Бұл туралы бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында Үдемелі индустриялық-иннвациялық бағдарламасы бойынша баяндама жасау кезінде Үкімет басшысының орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев мәлім етті.

"2010 жыл мен 2011 жылдың бірінші жарты жылдығы аралығында 914 млрд. теңгеге 227 инвестициялық жоба іске қосылды. 29 мың тұрақты жаңа жұмыс орындары құрылды. 100 млрд. теңгеден астам қаржыға өнім шығарылды", - деді вице-премьер.

И. Исекешевтің сөзіне қарағанда, "1,5 жылдың ішінде инвестицияның көп бөлігі Шығыс Қазақстан (142 млрд. теңге), Ақтөбе (128 млрд. теңге), Павлодар (121 млрд. теңге) облыстарында тартылды. Биылғы 2 жартыжылдықта 617 млрд. теңгеге 129 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Осы орайда 14,5 мың тұрақты жаңа жұмыс орындары құрылады", - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, 2011 жылы Индустрияландыру картасы бойынша іске асырылатын жобаларда инвестициялардың жалпы көлемі 1,5 трлн. теңгені құрамақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны