08.11.2011, 11:02 3095

Екінші жарты жылдықта жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу 14,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді

Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында 114 млрд. теңгенің 75 инвестициялық жобалары іске қосылып, 6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған болатын. Ал жылдың екінші жартысында кем дегенде 129 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 617 млрд. теңгені құрайтын мұндай жобалардың нәтижесінде 14,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде

Астана. 8-қараша. Kazakhstan Today - Екінші жарты жылдықта жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу 14,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында 114 млрд. теңгенің 75 инвестициялық жобалары іске қосылып, 6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған болатын. Ал жылдың екінші жартысында кем дегенде 129 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 617 млрд. теңгені құрайтын мұндай жобалардың нәтижесінде 14,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде",- деп айтылған ИЖТМ таратқан хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны