12.03.2020, 23:55 3802

Экология министрлігі қазақстандық шаруашылықтарды балық аулауға емес, балық өңдеуге шақырады

Еске салсақ, Қазақстанның Үкімет басшысы Асқар Мамин ақпанда Атырау қаласында өткізілген балық шаруашылығын дамытуға арналған кеңесте саланы қолдау бойынша түбегейлі шаралар қабылдауға тапсырма берді.

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Экология министрлігі қазақстандық шаруашылықтарды балық аулауға емес, балық өңдеуге шақырады.

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Шардара су қоймасындағы өнеркәсіптік балық аулау процесімен танысты.

"Балық өсіру шаруашылығының бірі - "Хамит" ӘКК-нің табысты тәжірибесін атап өткім келеді. Бүгінде өсірілген балық өнімінің ауқымы көңіл сүйсінтеді. Бұл әдіс балықшылардың жаңа технологиялар мен өндірісті қолдану арқылы балық аулаудан оны өсіруге ауысу секілді саладағы міндетке жауап береді", - деп жазды министр сәрсенбіде өзінің Twitter-дегі парақшасында.

"Биологиялық ресурстарды ұтымды пайдалану - біз көздеп отырған негізгі тренд", - деп атап өтті ол. Министрдің пікірінше, Қазақстанда балық өсірудің келешегі зор. Оны іске асыру үшін Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша тың шаралар қабылданбақ".

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша, 2019 жылы 2,2 мың тоннадан аса балық өнімін Шардара су қоймасының су шаруашылығы субъектілері өңдеген.

Еске салсақ, Қазақстанның Үкімет басшысы Асқар Мамин ақпанда Атырау қаласында өткізілген балық шаруашылығын дамытуға арналған кеңесте саланы қолдау бойынша түбегейлі шаралар қабылдауға тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны