24.01.2008, 13:17 1826

Экономика қарқыны бәсеңдесе де, Қазақстан әлеуметтік шығындарды ұлғайтуды көздеп отыр - Назарбаев

Экономика қарқыны бәсеңдесе де, Қазақстан әлеуметтік шығындарды ұлғайтуды көздеп отыр - Назарбаев

Жезқазған. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Экономиканың қарқыны бәсеңдесе де, Қазақстан әлеуметтік шығындар ұлғайтуды көздеп отыр. Бұл туралы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі форумында сөз сөйлеген ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жалпы экономиканың қарқыны аздап тежелсе де, біз мемлекеттік әлеуметтік шығындардың тұрақты түрде өсуін қолдап, азаматтарымыздың әлеуметтік қамсыздандырылуын төмендетпейміз ", - деді Н. Назарбаев.

"Реформаларды жүргізу кезінде, елде мемлекеттік минималды талаптар орнатылды ", - деп атап өтті президент. "Мемлекет өзіне жыл сайын әлеуметтік міндеттерді көбейтіп, жүктеп келеді. Біз тұрақты түрде әлеуметтік саладағы шығындарды ұлғайтып, кедейлік және жұмыссыздықпен күресіп келеміз", - деді ел басшысы. "Осының арқасында адам мүмкіндігін дамытудың тиімді түрі қалыптастырылып, халықтың тұрақты өмір сүру сапасын көтерудің негіздері құрылды ", - деп түсіндірді Н.Назарбаев. Оның сөздері бойынша, соңғы бес жылда "білім беру, денсаулық сақтау, ғылым салаларына жұмсалған қаржы көлемі 3,5 есеге, әлеуметтік көмек пен қамсыздандыру екі есеге көтерілсе, сондай-ақ еңбек ақы, зейнетақы, төлемдердің мөлшері үнемі өсуде".

"Мемлекет пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру мәселесі- мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі шарты", - деп ойын қорытындылады президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны