15.08.2006, 12:37 3300

Экономика министрлігінің болжамына сәйкес 2008-2009-жылдарда жалақының өсу қарқыны бәсеңдеп, еңбек өнімділігі артады

АСТАНА. 15-тамыз. Kazakhstan Today. ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің болжамына сәйкес 2008-2009-жылдарда жалақының өсу қарқыны бәсеңдеп, еңбек өнімділігі артады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Марат Құсайынов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біздің болжамымызға сәйкес, 2008-2009-жылдарда нақты жалақының өсу қарқыны еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан бәсеңдейді",- деді М.Құсайынов. "Мемлекет басшысының жолдауында берілген тапсырмаларды жүзеге асыруға байланысты іске асырылып жатқан индустриялық-инновациялық даму стратегиясында еңбек өнімділігінің өсу қарқыны артады". "Нәтижесінде біз тиімді арақатынасқа келеміз",- деді вице-министр.

Оның айтуынша, кейінгі кездері Қазақстанда "еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен салыстырғанда жалақы өсімінің қарқыны оза арту ағымы байқалуда". 2005-жылы еңбек өнімділігің өсімі 9 процентті құраса, ал нақты жалақы 12 процентке өсті.

2006-жылы еңбек өнімділігің өсімі 8,1 процентті құраса, ал нақты жалақы 9,9 процентке өсті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны