22.06.2009, 17:12 3056

Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі әлемдік қаржы дағдарысы Қазақстан-Германия сауда-экономикалық ынтымақтастығына да әсер етті дейді

Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі әлемдік қаржы дағдарысы Қазақстан-Германия сауда-экономикалық ынтымақтастығына да әсер етті дейді

Астана. 22 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі әлемдік қаржы дағдарысы Қазақстан-Германия сауда-экономикалық ынтымақтастығына да әсер етті дейді. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан-Германия сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобының отырысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Биылғы жылғы қаңтар мен сәуір айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 709 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 29 пайызға жуық төмендеді. Илемдік қаржы дағдарысы Қазақстан-Германия сауда-экономикалық ынтымақтастығына да әсер етті", - деді Б. Сұлтанов.

Осы орайда министр бірлескен жұмыс тобы аясында атқарылатын шаралар сауда байланыстарына оң ықпал ететініне сенім білдірді.

Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің мәліметінше, "2008 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 3 миллиард АҚШ долларына жетті. Еуроодақ елдері ішінде Германия Қазақстан нарығына өнім жеткізу тұрғысында бірінші орында тұр", - деді.

Министрдің айтуынша, екіжақты байланыстар орнаған сәттен бері Германия компаниялары еліміз экономикасына 3,5 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы салған. Сонымен қатар, Германия капиталының қатысуымен Қазақстанда 700-ге тарта кәсіпорын құрылды.

Оның айтуынша, Қазақстанның Германиядағы жылының аяқталуы қарсаңында "Еуропаға жол" тақырыбына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарланып отыр. Оған екі елдің білікті мамандары мен сарапшылары қатысатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны