14.10.2010, 14:12 6313

Экономикалық дағдарыс кезеңіндегі мемлекеттік жеке меншік әріптестіктің орны және жаңа мүмкіндіктер - баспасөз баяны

2006 жылдан бастап елімізде мемлекеттік жеке меншік әріптестіктің серпінді дамуы көріне бастады. Соңғы төрт жылда осы саладағы құқықтық қатынастарды реттейтін "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы заңының, концессия мәселелері жөніндегі маманданған ұйым құру туралы Үкімет қаулысы сынды нормативтік құжаттардың қабылдануы экономикадағы айтулы шаралар болды.

Мемлекеттік жеке меншік әріптестік (МЖМИ) - әр тараптың ресурстары мен тәжірибелерін қоғам мүддесін ескере отырып біріктіріп, маңызды жобаларды барынша аз шығындармен және тәуекелмен іске асыру. МЖМИ - сапалы жаңа деңгейдегі тиімді инвестиция тартудың тәсілі, деп хабарлайды "Қазақстанның Мемлекеттік жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ баспасөз қызметінен.

Бизнес-жобаларға мемлекет пен жеке бизнесті тартудың қандай құралдары бар? Экономикалық тоқырау кезеңінде мемлекеттік жеке меншік әріптестікті дамытудың мүмкіндіктері қандай? Осы сұрақтардың жауабы және осыған қатысты мәселелер төменде қаралатын болады.

ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕКЕ МЕНШІК ИРІПТЕСТІКТІҢ ДАМУЫ

2006 жылдан бастап елімізде мемлекеттік жеке меншік әріптестіктің серпінді дамуы көріне бастады. Соңғы төрт жылда осы саладағы құқықтық қатынастарды реттейтін "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы заңының, концессия мәселелері жөніндегі маманданған ұйым құру туралы Үкімет қаулысы сынды нормативтік құжаттардың қабылдануы экономикадағы айтулы шаралар болды.

Бүгінгі таңда Қазақстанның МЖМИ құралдары ретінде қаржы институттары, арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтар, венчурлық компаниялар және басқалар белсенді әрекет етуде. Аталған әр бір құрал бизнестің іріленуіне қолдау көрсетсе, қазақстан экономикасы үшін артықшылығы бар бағыттарды дамытуға мүмкіндік жасап отыр.

Сонымен қатар ел экономикасына Көлік және коммуникация министрлігінің бағамдауы бойынша инфрақұрылымдық жобаларға 26 миллирад американдық доллар қажет екенін көрсетіп отыр. Осы саланың жаңа инвестициялармен толығуы қадағалау сапасын арттырып, ұзақ мерзімді перспективада аталған инфрақұрылымды ұстап тұру қаражатын қамтамасыз ететін болады.

МЖМИ ЖИНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИЗИС

Илемдік экономикалық кризис біршама елдердің бизнес жобаларының тоқтауына немесе қаржыландыру көлмін қысқартуына алып келгені мәлім. Бұл жағдай Қазақстандағы да екінші деңгейлі банктердің шет елдің салыстырмалы арзан несиелерін беру мүмкіндіктерін шектеп айтарлықтай жобалар қаржы тапшылығын сезінгенімен, МЖМИ институттары мен құралдары белсенді жұмыс жасауда.

Мысалы: "Шар-Өскемен станциясы" темір жол линиясы" құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Осы жылы шілденің 13 жұлдызында жалпы аумағы 13 мың шаршы метрді құрайтын, құны 31 миллион АҚШ доллар тұратын "Ақтау халықаралық аэропортының жолаушылар терминалы" құрылысы толықтай аяқталып, мемлекет меншігіне тапсырылғанын байқауға болады.

Бүгінгі таңда, Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының сараптамасынан өтіп іске асу кезеңіндегі жобаларда I деңгейлі, 6-жолақты, 301 шақырымнан тұратын, құны 385 млрд. теңге құрайтын "Алматы-Қорғас" автомобиль жолы, осы шамалас II деңгейлі, 262 млрд. теңге сомалық "Астана-Қарағанды" автомобиль жолы сынды басқа да жобалар бар.

Жуырда өткен III Астаналық экономикалық форумы да осы қағиданы растап отыр. Қазақстанның мемлекеттік жеке меншік әріптестігі саласы форум шеңберінде жан-жақты пікір алмасып, Қазақстан үшін де әлемдік МЖМИ орталықтары үшін де пайдалы шараға қол жеткізді. МЖМИ саласын ақпараттандырып отыратын халықаралық институттар Қауымдастығын құру туралы әлем мемлекеттерінің бірауыздан келісім беруі және әлемдік орталықтың кеңсесін Астанада ашу туралы шешім қабылдады.

Аталған орталықтың жұмысы былайша үйлестірілетін болады.

Сөз соңында, осы сынды шаралар Қазақстанның концессиялық жобаларын жүзеге асыруда тәжірибиесін молайтып, әрі МЖМИ саласында белгілі дәрежеде заңнамалық базасын жетілдіріп жаңа даму сатысына көшуіне қолдау көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны