17.04.2008, 15:04 3489

Экономикалық өсім қарқынын жеделдету үшін Қазақстан заңнаманы жаңалап, инфрақұрылымды дамытуы қажет - "Казына" басшысы

Экономикалық өсім қарқынын жеделдету үшін Қазақстан заңнаманы жаңалап, инфрақұрылымды дамытуы қажет - "Казына" басшысы

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Экономикалық өсім қарқынын жеделдету үшін Қазақстан заңнаманы жаңалап, инфрақұрылымды дамытуы және адами капиталды дамытуға назар шоғырландыруы қажет. Бұл туралы бүгін "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ-ның басқармалары төрағасы Арман Дунаев парламент мәжілісінде өткен "Отандық қаржылық институттардың ресурсын тиімді пайдалану - еліміздің бәсекелестік қабілетін көтерудің негізі" атты дөңгелек үстел барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Меніңше, 2012 - 2013 жылдары Қазақстан жаңа тарихи кезеңге ден қоятыны сөзсіз, ол салалардың экономикалық құрылымының тепе-теңдігі мейлінше арта түскен жедел экономикалық өсім қарқынымен бекемдене түседі", - деп мәлімдеді А. Дунаев.

"Бірақ ол үшін мемлекет өзіміз жол берген кемшіліктерді ескере отырып, үш іргелі қадам жасауы қажет", - деді ол.

Атап айтсақ, "жеке бизнес үшін қолайлы заңнамалық база қажет".

"Жеке бизнес ойын ережесі айқын салаларға ғана келеді. Осындай ережелер түрлі нұсқамалар мен нормативтік-құқықтық актілерден аяқ алып жүргісіз жағдайға жеткен кезде бағыт-бағдарды табу қиынға түседі", - деді "Қазына" басшысы.

Сондай-ақ, мемлекет "институционалдық негізге, яғни, адами капиталды дамытуға жағдай жасауға тиіс". А. Дунаевтың түсіндіруінше, "Қазына" жобаларды басқаратын дайын мамандардың тапшылығы тауқыметімен әлден-ақ тап келіп отыр".

"Үшінші проблема - қолайлы инфрақұрылым жасау, бұл - баршаның, соның ішінде "Қазынаның" да міндеті", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны