13.10.2009, 13:07 1842

Экономиканы несиелендіру көлемі 2010 жылы өсетін болады - ҚР Ұлттық банкі

Экономиканы несиелендіру көлемі 2010 жылы өсетін болады - ҚР Ұлттық банкі

Алматы. 13 қазан. Kazakhstan Today - Экономиканы несиелендіру көлемі 2010 жылы өсетін болады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченко мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біздің пайымдауымызша, экономиканы несиелендіру көлемі 2010 жылы өсетін болады, бірақ, оның қарқыны 2005, 2006 және 2007 жылдың бірінші жартысындағыдай болмайды, әрине", - деді Г. Марченко.

"Жылына 10 - 15% - банк жүйесі үшін 2010 жылғы бағдар болуға тиіс. Және жалпы алғанда, біздіңше, банк несиелері Жалпы ішкі өнімнің өсімінен артық қарқынмен өсуге тиіс, бірақ ол ондаған есе артық болмауға тиіс", - деді ол.

"Яғни, егер елімізде Жалпы ішкі өнім орта мерзімді перспективада жылына 5 - 6 - 7% өсетін болса, несиелендіру қарқыны жылына 15% деңгейінде болғаны дұрыс", - деді Ұлттық банк басшысы.

Депозиттік ставкалар жайлы сөз қозғаған Г. Марченко : "Біздің пікірімізше, осы инфляциялық процестер одан әрі жалғасатын болса және инфляция деңгейі белгілі дәрежеде төмендейтін босла, теңгелік депозиттер бойынша ставкалар да одан әрі төмендейтін болады", -деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны