07.09.2009, 11:00 2826

Екпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы Жалпы ішкі өнімді 2015 жылға дейін 7 трлн теңгеге дейін өсіруге мүмкіндік береді - Индустрия және сауда министрлігі

Екпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы Жалпы ішкі өнімді 2015 жылға дейін 7 трлн теңгеге дейін өсіруге мүмкіндік береді - Индустрия және сауда министрлігі

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Екпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы Жалпы ішкі өнімді 2015 жылға дейін 7 трлн теңгеге дейін өсіруге мүмкіндік береді. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда министрі Исет Исекешев бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мемлекеттік бағдарламалардың ішінде 2010 - 2014 жылға дейінгі Екпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шешуші бағдарламалардың біріне айналады, оны біз осы жылдың аяғына дейін бітіруге тиіспіз", - деді А. Исекешев.

Оның айтуынша, бұл бағдарламамен біруақытта "салалық бағдарламалар мен мастер-жоспарлар жасалуда".

"Екпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының басты мақсаты - Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен бәсекелестік қабілетін ұзақ мерзімге көтеру, Жалпы ішкі өнімді 2015 жылға дейін 7 трлн теңгеге дейін, немесе шамамен 2008 жылғы Жалпы ішкі өнімнің 50%-ына жеткізуге саяды", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны