04.12.2007, 15:35 2902

"Эксон" Қашағандағы өз үлесінің бір бөлігін "ҚазМұнайГазға" беруден бас тартты

"Эксон" Қашағандағы өз үлесінің бір бөлігін "ҚазМұнайГазға" беруден бас тартты

Астана. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Эксон" компаниясы Қашаған жобасындағы өз үлесінің бір бөлігін "ҚазМұнайГазға" беру туралы келісім бермеді. Бұл туралы бүгін журналистерді ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мынбаев құлағдар етті.

"Жобада өз үлесінің бір бөлігін беруге бас тартқан қандай компаниялар бар" деген журналистердің сауалдарына Сауат Мынбаев: "Бұл - "Эксон", - деп жауап берген.

Бұдан бұрын "ҚазМұнайГаз" Қашаған консорциумымен шығындарды ұлғайту және жобаны іске асыруды кейінге шегеруді реттеу бойынша мәселелерді қамтып, өзара түсіністік жөнінде жаңа меморандумға қол қойғандықтарын хабарлаған болатын.

"Жаңа меморандумға сәйкес, консорциумның бір мүшесінен басқалары жоба бойынша "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ пайын ірі қатысушыға лайықты көлемге ұлғайту үшін, өз үлестерінің бір бөлігін беру туралы келісімдерін берді", - деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.

Құжатқа сәйкес, 20 желтоқсанда барлық компаниялар "ҚазМұнайГаздың" операциялық қызметіндегі ролін арттыру және үлестерінің бір бөлігін беру жөнінде келіссөздерін тәмамдау керек. Өзара түсіністік жөніндегі меморандум "компанияның бірінші басшылары деңгейінде өткен үдемелі келісімдердің нәтижесінде" қабылданды.

Қашаған -соңғы 30 жылда әлем бойынша табылған 7-9 млрд баррель мұнай қоры бар ең ірі кен орындарының бірі. Шілденің аяғында ENI Қазақстан үкіметіне жоспарланған мұнай өндіру жұмысын 2008 жылдың екінші жартысынан, 2010 жылдың екінші жартысына ауыстыру туралы ұсыныс жасаған. Онда шығын көлемі $57 млрд тан $136 млрд дейін ұлғайту көзделген. Қазақстан жағы мұндай қаржы шығындарының ұлғаюын және қара алтын шығару мерзімдерін ауыстыруға байлынысты өз наразылықтарын білдірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны