27.07.2015, 18:42 3922

ЭКСПО-2017 қарағандылық кәсіпорындарға жаӊа мүмкіндіктер ұсынуда

Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басшылығы және бас мердігерлердіӊ Қазақстан аймақтарындағы кәсіпорындармен кезекті кездесуі өтті. 24 шілде күні Қарағанды облысындағы отандық бизнес өкілдері Астанаға келіп, ары қарай ынтымақтастық жүргізудіӊ мәселелерін талқылады

Астана. 27 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басшылығы және бас мердігерлердіӊ Қазақстан аймақтарындағы кәсіпорындармен кезекті кездесуі өтті. 24 шілде күні Қарағанды облысындағы отандық бизнес өкілдері Астанаға келіп, ары қарай ынтымақтастық жүргізудіӊ мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Көрмеге қатысушы елдерден 4,5 мыӊнан аса адам келеді. Сондықтан бізге құрылыс кезеӊдерінен бастап қонақтарды қабылдауға дейінгі бүкіл мәселелерді ойластырып алу қажет. Құрылыс саласын ғана емес, сондай-ақ, қызмет көретудіӊ қасық, шанышқы, сүлгі, жиһазға дейінгі бүкіл саласын отандық тауарлармен қамтамасыз ету қажет. Көрме аяқталғаннан кейін бұл кешенніӊ қызметі тоқтап қалмайтынын ескертеміз. Мұнда Қаржы орталығы орналасатын болады. Көрмеден кейінгі кезеӊде сіздер ұсынайын деп отырған бүкіл өнімге деген сұраныс жоғары болмақ. Ирине, тиісті бағасы, сапасы мен жеткізілім мерзімі қамтамасыз етілген жағдайда", - деді "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқарма төрағасыныӊ орынбасары Алмаз Жаманбеков.

ЭКСПО-2017 нысандар құрылысына арналған жұмыстар мен қызметтердіӊ қажетті көлемімен, құрылыс материалдарын жеткізудіӊ ары қарайғы шарттарымен танысу мақсатында мәжіліс жұмысына аймақта құрылыс индустриясымен, жеӊіл өнеркәсіппен айналысатын және тағы да басқа салаларда өз қызметін жүргізіп жатқан барлығы 40-тан аса кәсіпорынныӊ басшылары қатысты.

Қазіргі таӊда Қарағанды облысындағы металл бұйымдары, металл құрылмалары, тоқыма, болат төсемдер, қабырғалық қалқалар, бағаналар мен темірбетонды бұйымдар өндірісімен айналысатын 13 компания Қазақстандағы еӊ ірі құрылыс нысанына өз өнімдерін жеткізу туралы меморанумдарға қол қойып қойған. Жасалған келісім-шарттардыӊ жалпы сомасы 6 млрд. теӊгені құрап отыр. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК бас мердігерлерімен келісім-шарттарға отырған жеткізуші кәсіпорындар қатарында "АрселорМиталлСтил" ЖШС, "Имсталькон" ЖШС, "Металл Профиль зауыты" ЖШС, "PowerBeton" ЖШС, "Промгарант" ЖШС, "СпецМашХолдинг" ЖШС секілді осы аймақта өз қызметін жүргізіп жатқан компаниялар бар.

"Біздіӊ өндірісіміздіӊ, Қарағанды лак және бояу жасау зауытыныӊ негізі 2003 жылы қаланды. Кәсіпорын модульдық технология бойынша жұмыс жасайтын толығымен автоматтандырылған өндіріс болып табылады. Біз үшін бұл кездесу аса пайдалы болды, өйткені мұнда іскерлік байланыстарды орнатып, ЭКСПО-2017 жобасы үшін сатып алулармен айналысатын жауапты тұлғалармен танысуға мүмкіндік бар. Қазір біздіӊ тауарларымыз қолданылуы мүмкін әрлеу жұмыстарын бастауға әлі ерте, алайда мен келешекте жасалатын мәмілелердіӊ шарттарын талқылау үшін осында келдім", - деді Қарағанды лак және бояу жасау зауытыныӊ өкілі Виталий Цецорин.

Мұндай ынтымақтастық еӊ ірі ұлттық жобаны жүзеге асыруға отандық бизнесті барынша кеӊінен тартып, көрме кешені нысандарын салу кезінде қазақстандық мазмұнныӊ үлесін ұлғайтуға мүмкіндік беріп, Қарағанды облысыныӊ дамуына септігін тигізбек.

2014 жылдыӊ 7 қарашасында "Астана ЭСКПО-2017" ҰК" АҚ және Қарағанды облысыныӊ әкімдігі көрме нысандарыныӊ құрылысына отандық тауар өндірушілерді тарту туралы меморандумға қол қойғанын еске саламыз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны