08.09.2015, 18:19 5312

ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы елдер саны өсуде

Сербия, Индонезия мен Венгрия ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне қатысуға өз келісімдерін берді. Мұны олардыӊ "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясына жіберген хаттары растап отыр

Астана. 8 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Сербия, Индонезия мен Венгрия ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне қатысуға өз келісімдерін берді. Мұны олардыӊ "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясына жіберген хаттары растап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Венгрияныӊ Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийярто өз хатында алдағы көрме В2В пішімдегі қызмет үшін де, энергия тұтыну және нығайту сұрақтары бойынша сарапшылар арасындағы сұхбат жүргізу үшін де өте жақсы негіз болатынын атап айтты.

Бүгінгі таӊда 45 мемлекет ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады, бұлар - Ресей, Қытай, Франция, Германия, Түркия, Корея, Жапония, Израиль, Үндістан, Армения, Изірбайжан, Беларусь, Грузия, Боливия, КХДР, Вьетнам, Швейцария, Түркменстан, Тәжікстан, Румыния және т.б.

Осыдан басқа, 19 елдіӊ - Франция, Куба, Боливия, Армения, Изірбайжан, Түркменстан, Беларусь, Қырғызстанныӊ және басқа мемлекеттердіӊ комиссарлары тағайындалған. Азия және Тынық Мұхиты өӊіріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиядан (ЭСКАТО) комиссар тағайындалды.

1928 жылғы 22 қарашадағы Халықаралық көрмелер туралы конвенцияныӊ 13-бабына сәйкес, көрмеге қатысатын кез келген елдіӊ Үкіметі шақырып отырған ел Үкіметі жанында өз мүдделерін ұсыну үшін Секцияныӊ бас комиссарын тағайындауы тиіс екенін еске саламыз. Секцияныӊ бас комиссары өз елін ұсынуды ұйымдастыру үшін жеке-дара жауапты болады. Ол Көрменіӊ бас комиссарына оныӊ елініӊ құрамы қандай болатындығы туралы хабарлайды, сонымен қатар экспоненттердіӊ құқықтары мен міндеттерініӊ сақталуын қадағалап отырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны