17.11.2015, 20:14 4485

ЭКСПО-2017 шығыстары көлемі 78 млрд.теӊгеге азаяды - А.Есімов

Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Наззарбаевтыӊ қатысуымен өткен кеӊесте көрмеге дайындық пен Мемлекет басшысы берген тапсырмалардыӊ орындалу барысы туралы "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқармасыныӊ төрағасы А.Есімов баяндады. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады

Астана. 17 қараша. Kazakhstan Today - Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Наззарбаевтыӊ қатысуымен өткен кеӊесте көрмеге дайындық пен Мемлекет басшысы берген тапсырмалардыӊ орындалу барысы туралы "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқармасыныӊ төрағасы А.Есімов баяндады. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, компания құрылымын өзгерту аясында департаменттердіӊ қызметі нақтыланып, басқарма төрағасыныӊ орынбасарлары мен басқарушы директорлар саны екі есе қысқарды. Бұл 150 миллион теӊгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

А.Есімов кейбір сәулет-құрылыс жобаларын қайта қарау есебінен шығыстар көлемі 78 миллиард теӊгеге азаятынын, бұл ретте жалпы сәулет келбеті мен нысандардыӊ функционалдылығы сақталатынын атап өтті.

Бюджет қаражатын мақсатқа сай пайдалану тиімділігіне айрықша назар аударылды.

"Қазақстандық қамту үлесін ұлғайту мен отандық кәсіпкерлерді тарту да үнемдеу шараларыныӊ бірі болып саналады. 10 өӊірмен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, нәтижесінде 20 мыӊнан астам адамды жұмыспен қамтыған 220 отандық кәсіпорын құрылысқа тартылды. 30 миллиард теӊгеніӊ өнімі жеткізілді", - деді "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқармасыныӊ төрағасы.

Сонымен қатар ұлттық компания басшысы көрме имиджін ілгерілету және оны тақырыптық жағынан толықтыру жұмыстарыныӊ барысы туралы да баяндады. А.Есімовтіӊ атап өткеніндей, бүгінде 53 ел және 11 халықаралық ұйым көрмеге қатысатынын растаған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны