31.05.2017, 18:32 6467

"ЭКСПО - 2017" мамандандырылған халықаралық көрмесі қарсаӊында Ақмола облысыныӊ Арнасай ауылында 10 эко-қонақ үй ашылады

"ЭКСПО-2017" қарсаӊында Ақмола облысыныӊ Аршалы ауданындағы инновациялық ауылда 10 эко-қонақ үй ашылмақ. Бұл туралы аймақ басшысы М?лiк Мырзалиннiӊ ауданға жұмыс сапары барысында айтылды.

Көкшетау. 31 мамыр. Kazakhstan Today - "ЭКСПО-2017" қарсаӊында Ақмола облысыныӊ Аршалы ауданындағы инновациялық ауылда 10 эко-қонақ үй ашылмақ. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлiк Мырзалиннiӊ ауданға жұмыс сапары барысында айтылды. Елорданыӊ iргесiндегi Арнасай ауылы өзгелерден ерекше. Бүгiнгi таӊда шағын елдi мекен жасыл технологиялардыӊ алаӊына айналған. Ауылда "ЭКСПО-2017" көрмесi қарсаӊында бiрқатар жобалар жүзеге асырылуда. Оған ауылдағы қарапайым тұрғындар да асқан қызығушылық танытып, өз үлестерiн қосуда. Атап айтқанда, табиғат қорғаушы, қуат сақтаушы, су үнемдеушi, өнiмдi арттырушы және басқа да жақсы қасиеттерi бар "жасыл" технологиялар жаппай ендiрiлген бұл ауыл "ЭКСПО-2017" жаһандық көрмесiнде отандық бренд ретiнде шетелдiк қонақтардыӊ назарына ұсынылатын болады. Ауданға жұмыс сапары барысында осы ауылда болған аймақ басшысы қолға алынған жобалармен танысып,

"ЭКСПО-2017" кезiнде осында аялдайтын шетелдiк туристердi қарсы алу дайындығына назар аударды. Жасыл технологиялар орталығыныӊ жетекшiсi Татьяна Немцанныӊ айтуынша, бүгiнде 168 аулада тамшылатып суару жүйесiн кәдеге жаратуда. Енгiзiлiп отырған технологиялардыӊ тиiмдiлiгi әуелi жан-жақты сыналады. "2015 жылы ашылған "Арнасай" жасыл технологиялар орталығында алғашқы кезде 400 шаршы метрлiк органикалық бау-бақшада барлығы 7 жасыл технология қолданылды. Бүгiнде оныӊ саны 35-ке жетiп отыр",-дедi Татьяна Немцан. "ЭКСПО-2017" басталатын сәтте инновациялық ауылда Астана тұрғындары мен қонақтары үшiн 10 эко-қонақ үй ашу жоспарланған. Арнасайдағы тағы бiр жарқын жоба "EXPO Camp" жастардыӊ "жасыл" лагерi болып табылады. "Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы" ЗТБ басқармасы өкiлдерiнiӊ айтуынша, аталмыш лагердi ағымдағы жылдыӊ 6 маусымында ашу жоспарланған. Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин Арнасайдағы жасыл технологиялық ?дiстi қолданудыӊ тиiмдiлiгiн айта келе, жазғы лагердiӊ балалар үшiн қауiпсiз әрi санитарлық тазалығы жағына алғанда талапқа сай болуы қажеттiгiн атап өттi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны