19.01.2019, 22:22 6456

ЭКСПО тұрғын үй кешенінде пәтер сатып алуға өтінімдер қабылдау уақытша тоқтатылды

Жылжымайтын мүлікке сұранысты және халықтыӊ төлем қабілеттілігін ескере отырып, біз тұрғын үйлерді өткізудіӊ қосымша тетігін әзірлеп, онымен таяу уақытта таныстыруды жоспарлап отырмыз", - деп хабарлады "Бәйтерек девелопмент" АҚ басқарма төрағасыныӊ орынбасары Асқарбек Өсербаев.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Бәйтерек девелопмент" АҚ тұрғын үйлерді өткізу реттілігініӊ қайта қаралуына байланысты Астанадағы ЭКСПО тұрғын үй кешенінде жылжымайтын мүлік сатып алуға өтінімдер қабылдауды уақытша тоқтатады.

"2019 жылғы 16 қаӊтардасағат 13:00-ден бастап ЕДБ ипотекасы мен тура сату механизмі бойынша "ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесі аумағында орналасқан тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алуға өтінімдер қабылдау уақытша тоқтатылды. Жылжымайтын мүлікке сұранысты және халықтыӊ төлем қабілеттілігін ескере отырып, біз тұрғын үйлерді өткізудіӊ қосымша тетігін әзірлеп, онымен таяу уақытта таныстыруды жоспарлап отырмыз", - деп хабарлады "Бәйтерек девелопмент" АҚ басқарма төрағасыныӊ орынбасары Асқарбек Өсербаев.

Бұл ретте ол үстіміздегі жылдыӊ 16 қаӊтарына дейін DigitalBaiterek порталы арқылы түскен өтінімдердіӊ бұрынғы шарттармен қаралатынын атап өтті. Еске сала кетсек, ЭКСПО тұрғын үй кешенінде пәтер мен көлік тұрағыныӊ орнын қолма-қол ақшасыз өз қаражаттары есебінен, сондай-ақ екінші деӊгейдегі банктер (ЕДБ) арқылы қарыз қаражаттары, оныӊ ішінде "7-20-25" ипоткалық бағдарламасы арқылы сатып алуға болатын еді.

"Егер әлеуетті сатып алушы "төлем тәсілі" бағанында "өз қаражаты" деп көрсетсе, онда оны аудару үшін үш жұмыс күні беріледі. Жылжымайтын мүлік ЕДБ қарызы есебінен сатып алынған жағдайда, өтініш берушініӊ барлық қажетті құжаттарды ресімдеуге 15 жұмыс күні, яғни 7 ақпандағы сағат 13.00-ге дейін уақыты бар", - деп түсіндірді компания өкілі.

Компания 2018 жылғы 1 маусымнан бастап "ЭКСПО-2017" көрмесініӊ қатысушылары мен қонақтарыныӊ тұруы үшін бұрын салынған бір, екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлерді сатуға шығарды. Бүгінгі күні 147 пәтер және 102 машина орны сатылды. Жылжымайтын мүлікті сатып алуға DigitalBaiterek онлайн платформасы арқылы барлығы 1547 өтінім келіп түсті.

Тұрғын үй кешеніндегі тұрғын үй-жайдыӊ бір шаршы метрініӊ құны 399 900 теӊгені, паркингтегі орынныӊ бір шаршы метрі - 735 000 теӊгені құрады. Бір бөлмелі пәтерлердіӊ алаӊы 39,6-дан 51 ш.м. дейін,екі бөлмелі - 57,1-ден 80,6 ш.м. дейін, үш бөлмелі -81,1-ден 106 ш.м. дейін, төрт бөлмелі -105-тен 123,4 ш.м. дейін. Тұрғын үй жайлылықтыӊ II сыныбына сай келеді және таза әрлеумен сатылады.

Анықтама: 2014 - 2016 жылдар кезеӊінде "Бәйтерек девелопмент" АҚ"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесініӊ аумағындағы тұрғын үй құрылысын қаржыландырды. Алаӊы 110,7 мыӊ ш.м. құрайтын 42 үйден тұратын тұрғын үй орамы "Люкс недвижимость Group" және "BIGroup Сorporation" компаниялармен серіктестікте салынды. Жылжымайтын мүлікті өткізу есебінен тұрғын үй кешенініӊ құрылысына Ұлттық қордан бөлінген қаражаттарды қайтару қамтамасыз етілетін болады.

"Бәйтерек девелопмент" АҚ - "Бәйтерек" Холдингініӊ еншілес ұйымы- "Нұрлыжер" Тұрғын үй құрылысы бағдарламасыныӊ шеӊберінде жергілікті атқарушы органдардыӊ облигацияларын сатып алушы жалғыз қаржы операторы. Компания Қазақстан бойынша кредиттік және жалға берілетін тұрғын үйлердіӊ құрылысын қаржыландырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны