02.07.2014, 20:21 3183

Ел аймағындағы әрбір 4-ші көлік Қазақстанда жасалады - И. Исекешев

"Жалпы, машина жасау 75 пайызға, құрылыс индустриясы - 47 пайызға, химиялық сала - 28 пайызға көтерілді. Нәтиже ретінде Қазақстан өңдеу экономикасының қарқынды дамуына ие болды, ол Түркия, Ресей, Корея мен Польшадан кейінгі орынды иеленіп отыр", - деді И. Исекешев.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan today. Ел аймағындағы әрбір 4-ші көлік Қазақстанда жасалады. Бұл туралы Үкіметтің ҮИИД МБ жүзеге асуына арналған отырыста Премьер-Министрдің орынбасары- индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев мәлімдеді.

"Жалпы, машина жасау 75 пайызға, құрылыс индустриясы - 47 пайызға, химиялық сала - 28 пайызға көтерілді. Нәтиже ретінде Қазақстан өңдеу экономикасының қарқынды дамуына ие болды, ол Түркия, Ресей, Корея мен Польшадан кейінгі орынды иеленіп отыр", - деді И. Исекешев.

Оның айтуынша, машина жасау саласының құрылымы өзгергенін байқауға болады.

"Егер де 2008 жылы 60 пайыз жөндеу мен қызмет үлесін құраса, біз темір жол жасау өсімі бірден өскендігін байқаймыз, темір жолдық машина жасау - 20 есеге, автопром-11 есеге көбейді. Бұл мықты бірқатар сала құруға мүмкіндік берді", - деді ол.

"Бүгінде сатылатын әрбір 4-ші көлік Қазақстанда дайындалады", - деді ол.

Жалпы, 4,5 жыл ішінде Индустрияландыру картасы бойынша 672 жоба жүзеге асырылып, 69 мың жұмыс орны ашылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны