08.12.2016, 10:59 4253

Елбасы халықаралық мұнай-газ компанияларыныӊ басшыларымен кездесті

"ExxonMobil" компаниясыныӊ президенті Д.Вудс, "Total E&P" компаниясыныӊ президенті А.Брейяк, "Royal Dutch Shell" компаниясыныӊ бас атқарушы директоры Б.ван Берден және "Eni" компаниясыныӊ барлау және өндіру жөніндегі бас директоры А.Велла қатысқан кездесуде Қазақстанныӊ мұнай-газ саласындағы әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.

Атырау. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Елбасы халықаралық мұнай-газ компанияларыныӊ басшыларымен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

"ExxonMobil" компаниясыныӊ президенті Д.Вудс, "Total E&P" компаниясыныӊ президенті А.Брейяк, "Royal Dutch Shell" компаниясыныӊ бас атқарушы директоры Б.ван Берден және "Eni" компаниясыныӊ барлау және өндіру жөніндегі бас директоры А.Велла қатысқан кездесуде Қазақстанныӊ мұнай-газ саласындағы әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы барлық мәселелерді, соныӊ ішінде экологиялық түйткілдерді шешу үшін бірлесе күш жұмсаудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

- Қазақстан Үкіметі мен Шетелдік инвесторлар кеӊесі ынтымақтастығымыздыӊ аясын кеӊейтуге қатысты барлық мәселені қарастыруға дайын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"ExxonMobil", "Total E&P", "Royal Dutch Shell" және "Eni" компанияларыныӊ басшылары республикада қолайлы инвестициялық жағдай жасалғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Тәуелсіздік мерейтойыныӊ құрметіне орай мұнай құйылған символдық сауыт, сондай-ақ 25 мыӊ тал голланд қызғалдағына арналған сертификат табыс етті.

Соӊында Мемлекет басшысы бірлескен жобаларды жүзеге асырушыларға табыс тілеп, өзара тиімді ынтымақтастықтыӊ жалғаса беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, бұл күні мұнай саласыныӊ өкілдерімен кездесті.

Кездесуге инвесторлар, отандық және шетелдік мұнай-газ компанияларыныӊ басшылары, мемлекеттік органдардыӊ өкілдері мен мұнай-газ саласыныӊ ардагерлері қатысты.

Елбасы экономиканы дамыту, халықтыӊ әл-ауқатын арттыру ісінде мұнай-газ индустриясыныӊ айрықша маӊызы бар екенін атап өтті.

- Қашаған кен орныныӊ ашылуы соӊғы 50 жылда әлемдік энергетика саласындағы еӊ елеулі оқиға болды. Онда 4,5-тен 5,5 млрд тоннаға дейінгі мөлшерде мұнай және 3 трлн текше метрдей газ қоры бар деп жобалануда. Қашаған қазақстандықтардыӊ игілігін еселей түсетін тағы бір ірі жоба болып саналады. Баршаӊызды осы кен орныныӊ іске қосылуымен құттықтаймын, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Каспий жобасы тиімді халықаралық ынтымақтастық пен ашық әріптестіктіӊ жарқын мысалы екенін айтты.

- Қашаған Қазақстан мен ірі әлемдік мұнай компанияларын ортақ мақсатқа жұмылдыра алды. "Эни", "Тоталь", "ЭксонМобил", "Шелл", Қытайдыӊ ұлттық мұнай-газ корпорациясы, "Инпекс" біздіӊ елге бай тәжірибесі мен білімін ала келді. Біздіӊ "Қазмұнайгаз" да қазір әлемдік деӊгейдегі осындай компаниялармен қатар тұрғаны қуантады, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті мұнай-газ саласындағы отандық мамандар біліктілігін арттыруға ден қойылып отырғанына назар аударды.

- 1998 жылдан бастап отандық 15 мыӊ жұмысшыға кәсіби-техникалық білім беру үшін 250 млн доллар жұмсалды. Осы уақыт аралығында біз мұнайшылардыӊ тұтас бір буынын даярладық, жаӊа мамандықтар аштық, теӊіз академиясын құрдық. Қашағанда 11 мыӊнан астам Қазақстан азаматы жұмыспен қамтылды. Сол арқылы жобадағы отандық кадрлардыӊ үлесі 90 процентке дейін ұлғайды. 2005 жылдан бері сатып алынған тауар, атқарылған жұмыс және қызмет көрсету ісіндегі Қазақстанныӊ үлесі 12,7 млрд доллар болып, 30 процентке жетті, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қашаған кен орнын игеру аясында елімізде кеме құрастыру сияқты жаӊа саланыӊ пайда болғанын да атап өтті.

- Теӊіз операциясына қолдау көрсету флотыныӊ базасы, сондай-ақ мұнай төгілген кезде жұмыс жүргізетін экологиялық база құрылды. Осылайша, біз кен орындарын пайдаланудыӊ қарқынды кезеӊіне көштік. Бұл межемен шектелмей, тезірек оныӊ жобалық қуаттылығын қамтамасыз ету маӊызды, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев отандық шикізатты қайта өӊдеу дәрежесі мен үлесін арттыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

- Қазақстандық компанияларды, соныӊ ішінде мұнай және газ саласында қызмет көрсететін компанияларды көптеп тарту қажет, Сондай-ақ қазақстандық үлесті ұлғайтып, отандық мамандарды жетілдіру керек. Келер жылы Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтеді. Осында отырған ірі мұнай компанияларыныӊ өкілдерін сол көрмеге қатысуға шақырамын. Бұл сіздердіӊ жаӊа технологиялық жетістіктеріӊізді әлемге танытуға зор мүмкіндік береді деп ойлаймын, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті қатысушыларды Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылдығымен құттықтап, еліміздіӊ елеулі жетістіктерін атап өтті.

- Елімізге шетелден келген тікелей инвестицияныӊ жалпы көлемі 265 млрд доллардан асты. Біз халықаралық инвесторлардыӊ сеніміне ие болдық. Қашағаннан да басқа ірі жобалар бойынша табысты ынтымақтастық орнаттық. Мәселен, Теӊіз кен орны мен Қарашығанақты игеру бірінші кезекте тұр. Шикізаттық емес секторға "Данон", "Дженерал Электрик", "Хайдельберг", "Хендай", басқа да трансұлттық ірі компаниялар келіп жұмыс жүргізуде. Қайта өӊдеу саласына салынған инвестиция өткен бес жылмен салыстырғанда үш есе артты, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мұнай саласы өкілдерімен әӊгімелесу барысында Мемлекет басшысы Атырау облысы ел экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып отырған өӊірдіӊ бірі екенін атап өтті.

- Көріп отырғанымыздай, Тәуелсіздік жылдары облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдай айтарлықтай жақсарды. Өӊір халқыныӊ саны 37%-ке көбейді. 1999 жылғы кезеӊнен бері орташа жалақы көлемі 11,5 есе өсті. Облыс толығымен газбен және орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді. Жалпы көлемі 7,3 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 10 есе ұлғайды, - деді Қазақстан Президенті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Атырау облысыныӊ әкімі Н.Ноғаев пен Энергетика министрі Қ.Бозымбаев мұнай-газ саласындағы қазіргі жағдай мен өӊірді дамыту перспективалары туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір арқылы мұнай-газ саласындағы ірі нысандардыӊ, атап айтқанда Қашаған кен орныныӊ, "Болашақ" зауытыныӊ, Каспий құбыр желісі консорциумы мен "ҚазТрансОйл" компаниясыныӊ мұнайды қайта құю стансалары жұмысымен танысты.

Бұған қоса, Қазақстан Президентіне "ҚазТрансОйл" компаниясы жүзеге асырып жатқан Қазақстан-Қытай мұнай құбыры аясын кеӊейту жобасыныӊ іске асырылу барысы таныстырылды. Кеӊейту жұмысы Кеӊқияқ-Атырау магистральді мұнай құбыры арқылы қайта құйылатын мұнай көлемін жылына 4-тен 12 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы кездесу соӊында мұнай-газ саласыныӊ үздік еӊбеккерлерін "Барыс", "Парасат", "Достық", "Құрмет", "Еӊбек Даӊқы" ордендерімен және "Ерен еӊбегі үшін" медалімен марапаттады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны