13.01.2011, 18:56 4081

Елбасы Ұлттық банкіне Үкіметпен және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесе отырып экономиканың нақты секторын банктер тарапынан несиелендіруді ынтыландыру әдістемесін әзірлеуді тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банктің Төрағасы Григорий Марченконы қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 13 - қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банктің Төрағасы Григорий Марченконы қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Г. Марченко Президентке 2010-шы қаржылық жылдың алдын ала қорытындылары туралы баяндаған.

"Жалпы алғанда макроэкономикалық жағдай тұрақты. Өткен жылы инфляция болжамды дәліз аясында 7,8 пайызды құрады. Мемлекет басшысы Үкіметпен және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп экономиканың нақты секторын банктер тарапынан кредиттеуді ынтыландыру әдістемесін әзірлеуді тапсырды", - деді брифингте Ұлттық Банктің Төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны