22.05.2014, 20:44 3607

Елде жаңа машина жасау саласы қалыптасқан - Ж. Қасымбек

"2009-2012 жылдары аралығында теміржол өнімдерін шығару жөнінде әлемдегі әйгілі - Alstom, GE, Talgo өндірушілермен бірлесіп тепловоз, электровоз, жүк және жолаушы вагондарын шығаратын зауыттар салынды, вагондық құю өндірісі жасақталды. Кәсіпорындардың шығарған өнім көлемі 2013 жылы $1,1 млрд. құрады",- деді Ж. Қасымбек.

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan today. "ТрансЕвразия-2014" 9-шы Халықаралық конференциясы аясында ҚР көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек еліміздің көлік саласының қазіргі жай-күйі мен даму жоспарлары жайында баяндады.

"2009-2012 жылдары аралығында теміржол өнімдерін шығару жөнінде әлемдегі әйгілі - Alstom, GE, Talgo өндірушілермен бірлесіп тепловоз, электровоз, жүк және жолаушы вагондарын шығаратын зауыттар салынды, вагондық құю өндірісі жасақталды. Кәсіпорындардың шығарған өнім көлемі 2013 жылы $1,1 млрд. құрады",- деді Ж. Қасымбек.

Зауыттардың өнімдері Тәжікстан, Украина, Эстония және и Қырғызстан жеткізілуде.

Мұның сыртында өткен жылы "Сименс" компаниясының технологиясы бойынша рельс-арқалық өнімін шығару зауыты салына бастады, ал 2014 жылы GEVO дизельдік двигательдерін және жылына жалпы қуаты 300 қосалқы бөлшектер шығаратын зауыт салу жобасын аяқтау көзделуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны