28.10.2020, 01:24 40413

Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелері туралы

20 жыл ішінде "Ауыз су", "Ақ бұлақ", "Өңірлерді дамыту", "Нұрлы жол" бағдарламалары аясында 48,2 мың шақырым инженерлік желі салынды.

Алматы. 28 қазан. Kazakhstan Today - Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелері туралы

ҚР ИИДМ желісі бойынша

Елімізде 2000 жылдардан бастап халықты ауыз сумен және су бұру қызметімен қамтамасыз ету бойынша мақсатты саясат жүргізіліп келеді.

20 жыл ішінде "Ауыз су", "Ақ бұлақ", "Өңірлерді дамыту", "Нұрлы жол" бағдарламалары аясында 48,2 мың шақырым инженерлік желі салынды.

Нәтижесінде халықты сумен жабдықтау деңгейі 92,6% пайызға жетті.

Биыл 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыруға кірістік. Осы бағдарлама аясында 2025 жылға қарай ел халқын толықтай сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр.

Елбасы тапсырмасына сай ауылдарды сумен жабдықтау жүйесін дамытуға жыл сайын кемінде 100 млрд. теңге қаражат бөлінуде.

Биыл қалалар мен ауылдарда сумен жабдықтау және су бұру желілерін дамытуға республикалық бюджеттен

113,6 млрд. теңге бөлінді. 303 жоба іске асырылуда.

2020 жылдың қорытындысында орталықтандырылған суға қол жеткізу деңгейі қалаларда 97,5% пайызға, ауылдарда 87,7% пайызға жеткізу жоспарланған.

Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

3 өңірде, атап айтқанда Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында қала халқы 100% орталықтандырылған сумен қамтылған.

Алматы, Атырау және Қызылорда облыстарында ауылдық жерлерде сумен жабдықтау деңгейі төмен.

Бұл ретте жекелеген өңірлер артта қалып отыр. Ауыз сумен қамту деңгейі Қостанай, Жамбыл және Павлодар облыстарында төмен.

Сумен қамтамасыз етудің әлеуметтік маңызы зор.

Мемлекет басшысы таза ауыз суға қол жеткізу деңгейін барлық өңірде теңестіру қажеттігін бірнеше рет атап көрсетті.

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында ауылдарды сапалы және қажетті мөлшерде сумен жабдықтау қызметімен кезең-кезеңмен қамту жөнінде жоспар әзірленді.

Сондықтан өңірлер халықты сумен қамтамасыз ету үшін осы жоспарды кейінге қалдырмай, тиімді шаралар қабылдауы керек.

Елбасының бастамасымен елімізде қазір "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы іске асырылуда. Ауылдарды сумен жабдықтау жүйесін дамыту осы бағдарламамен үйлестірілген.

Қазір республика бойынша барлығы 6341 ауыл бар. Оның ішінде 4078 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған. 279 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған.

1146 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі салынып жатыр.

Халық саны аз ауылдарда өз елімізде өндірілген су тазартатын кешенді блок-модульдер орнатылады.

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында барлық қаржыландыру көздерінен сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға 934 млрд. теңге көзделген.

Ауылдардың сумен жабдықталуына мониторинг жүргізу мақсатында интерактивті карта әзірлеп, іске қостық. Онда көптеген параметрлер бойынша нақты жағдай көрсетілген.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы құзыретті бөлу бойынша заң жобасы әзірленді.

Тізбені бекіту функциясын, сондай-ақ ауыз суға төлем мөлшерін әзірлеу нормаларын бекітуді жергілікті атқарушы органдарға беру жоспарланған.

Заң жобасында көрсетілген шараларды іске асыру мынадай мүмкіндіктер береді:

?- салынған оқшау жүйелерді Тізбеге енгізуді жеделдетеді;

?- өңірлерге ауыз сумен жабдықтауға арналған субсидияны бөлу мен алуды тездетеді;

?- облыс бойынша орташа тариф пен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, 1 текше метр ауыз су үшін халықтың төлемін реттейді.

Елбасының тапсырмасына сәйкес еліміздің 53 қаласында кәріздік-тазарту қондырғыларын салу және жаңғырту жобаларын іске асыруға дайындық жүргізіп жатырмыз.

Халықаралық қаржы ұйымдарымен шамамен 330 млрд. теңге мөлшерінде бюджеттен тыс қаражат тарту бойынша келісімге келдік.

5 қалада кәріздік-тазарту қондырғыларын салу мен реконструкциялау бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді. Сараптама оң қорытындысын берді. Бұл жобаларды шамамен 40 млрд. теңге мөлшерінде Азия Даму Банкі қарызы есебінен іске асыру жоспарланған.

6 қала бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, сараптамаға жіберілді. Құны шамамен 90 млрд теңге болатын ол жобаларды Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаражаты есебінен іске асыру жоспарланған.

Әлемдегі пандемияға байланысты жобаларды іске асыру 2021 жылдың бірінші жарты жылдығына ауыстырылды.

Экологиялық проблемаларды шешу мақсатында Ұлттық экономика, Қаржы, Экология, геология және табиғи ресурстар, Денсаулық сақтау министрліктеріне кәріздік-тазарту қондырғылары бойынша жобаларды іске асыру механизмдерін заңнамалық тұрғыдан бекіту мәселелерін пысықтауды жеделдетуге тапсырма беруіңізді сұраймыз.

ҚР ЭГТРМ желісі бойынша

Су кодексіне сәйкес Министрлік елді мекендердің шекарасына дейін сумен жабдықтау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады және топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады.

Қазіргі уақытта республика бойынша жалпы ұзындығы он бес жарым (15,5) мың шақырым болатын жетпіс төрт (74) топтық су құбырлары бар.

Оның ішінде республикалық меншікте он үш мың шақырым құрайтын отыз жеті топтық су құбырлары тіркелген. Олар жалпы бір миллионнан астам адамы бар алты жүз сегіз ауылдық елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде.

2019-2020 жылдар аралығында тиісті қаржы бөлініп, әлеуметтік маңызы бар бірқатар топтық су құбырлары бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды.

Атап айтсақ, 2019 жылы Павлодар облысындағы Май, Беловод және Қарағанды облысындағы Жәйрем-Қаражал топтық су құбырлары пайдалануға берілді.

Ал 2020 жылы Алматы облысындағы Қаскелең, Қызылорда облысындағы Талап және Жиделі, Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов - екінші кезек, Батыс Қазақстан облысындағы Жымпиты топтық су құбырлары бойынша барлық жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Нәтижесінде бұған дейін сапалы суы болмаған отыз жеті ауылдық елді мекен бойынша жаңадан су құбырлары салынып, қырық алты мыңға жуық тұрғыны таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қоса, бір қала мен отыз тоғыз ауылдық елді мекеннің ескі су беру жүйесі қайта жөндеуден өтіп, ауыз судың сапасы артады. Өз кезегінде, бұл екі жүз сексен жеті мың тұрғынды қамтиды.

2020 жылы үш (3) топтық су құбырының құрылысы басталды. Олар жаңадан салынып жатқан Ақмола облысындағы Макинск пен Ақтөбе облысындағы Жаныс би топтық су құбырлары. Және Қарағанды облысындағы Есқұла топтық су құбырының жаңа бөлігі салынуда. Аталған топтық су құбырлары 2021 жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі.

Нәтижесінде 3 ауылдық елді мекенде тұратын бір мың үш жүз (1,3) адам үшін сапалы ауыз су қолжетімді болады.

Сонымен қатар, 3 қаланы сумен қамтамасыз ететін құбырлары жаңартылады. Яғни, тоқсан төрт (94) мың тұрғын үшін берілетін ауыз судың сапасы жақсарады.

Енді пайдаланып отырған топтық су құбырларының жағдайына тоқталсақ. Жоспар бойынша, 2025 жылға дейін он бір (11) топтық су құбырлары қайта жаңартылып, жөнделеді. Оның ішінде, бірқатар су құбырлары ұзартылады.

Осының арқасында бұған дейін сапалы суы болмаған сексен жеті (87) ауылдық елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл жүз төрт (103,7) мыңға жуық адамды қамтиды.

Сонымен қоса, үш жүз жиырма бір (321) ауылдық елді мекеннің ауыз су беру жүйесі жаңартылатын болады. Бұл, өз кезегінде, бес жүз жиырма бес (524,6) мың адамды қамтиды.

Жалпы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2025 жылға дейін топтық су құбырлары жобаларына жүз отыз үш (133,1) млрд. астам теңге қаражат бөлу жоспарда бар. Оның ішінде жаңадан салуға он төрт жарым (14,5) млрд.теңге, ал қайта жаңартуға жүз он сегіз жарым (118,6) млрд. теңге бөлінбек.

Осының есебінен алдағы бес жылда жаңадан бір мың бес жүзге жуық (1469) шақырым құбыр желілері салынады және бір мың жеті жүз жиырма (1724) шақырымы қайта жаңартылып, қажетті жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Атқарылатын жұмыстардың арқасында бұрын ауыз сумен қамтамасыз етілмеген тоқсан (90) ауылдық елді мекенге су құбыры жеткізіліп, жүз бес (105) мың тұрғынға сапалы ауыз су қолжетімді болады.

Сонымен қатар, үш жүз жиырма бір (321) елді мекеннің ауыз су беру жүйесі жөнделіп, жаңартылады. Бұл бес жүз жиырма (524,6) мыңнан астам адамды қамтиды.

Жалпы, 5 жыл ішінде 3 мыңнан астам шақырым топтық су құбарлары салынады. Ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішін жүз (100%) пайызға жеткізу жоспарланған.

Аталған саланың әлеуметтік маңызыдылығын ескере отырып, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі Министрліктің үнемі бақылауында.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны