04.02.2008, 16:33 2727

Елдің халықаралық резервтері қаңтар айында 5,9% өсті

Елдің халықаралық резервтері қаңтар айында 5,9% өсті

Алматы. 4 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда (ағымдағы бағамен), Ұлттық қордың бағасын қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 21 555,9 млн. доллар), 2008 жылғы қаңтарда 5,9% өсіп, 40 717,2 млн доллар болды.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі 2008 жылғы қаңтарда ақша базасының 3,1% немесе 45,2 млрд теңге тарылуына себепші болды.

2008 жылғы қаңтарда Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері өсті. Тұрақты бағамен Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 10,2% немесе 1765,6 млн долларға өсті.

Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу, Ұлттық банктің Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялары, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасымен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың өсуі Ұлттық банктегі Үкіметтің шотына валютаның түсуі таза валюта қорларының өсуіне әкелді.

2008 жылғы қаңтарда алтындағы активтер оның әлемдік нарықтардағы бағасының 11,5% өсуі н?тижесінде 158,0 млн долларға ұлғайды, ал таза валюта қоры 16,7,6 млн долларға өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны