10.12.2008, 15:39 1565

Елдің халықаралық резервтері қараша айында 3,1% -ға төмендеді (толық нұсқасы)

Елдің халықаралық резервтері қараша айында 3,1% -ға төмендеді (толық нұсқасы)

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Елдің халықаралық резервтері қараша айында 3,1% -ға төмендеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері (ағымдағы бағамен), Ұлттық қордың ақшасын қосқанда (26,8 млрд. АҚШ долл.) айдың басынан 45,9 млрд. АҚШ долларына дейін 3,1% -ға төмендеді (жыл басынан бастап өсуі - 18,8%).

2008 жылғы қарашада Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағада 9,2%-ға (немесе 1 923, 7 млн. АҚШ долларына) 19,1 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеді (жыл басынан бастап - өсуі 8,4%).

Ішкі валюта нарығында валюта сату бойынша операциялар, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың төмендеуі, үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету Үкіметтің Ұлттық банктегі шоттарына валютаның түсуімен ішінара бейтараптандырылды. Нәтижесінде, таза валюта қорлары (ЕАВ) 2 020,2 млн. АҚШ долларына азайды, алтындағы активтер оның әлемдік нарықтағы бағасының 5,3%-ға өсуі нәтижесінде 96,5 млн. АҚШ долларына ұлғайды.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің 2008 жылғы қарашада төмендеуі ақша базасының 1 298,6 млрд. теңгеге дейін 17,3%-ға сығымдалуына себепші болды (жыл басынан бастап - 11,3%-ға).

2008 жылғы қазанда ақша массасының көлемі банк жүйесінің таза сыртқы және ішкі активтерінің қысқаруы есебінен 3,4%-ға 5 685, 1 млрд. АҚШ долларына қысқарды. Жыл басынан ақша массасы 22,8% өсті.

2008 жылғы қазанда айналыстағы қолма-қол ақша 815,9 млрд. теңгеге (жыл басынан бастап - 10,3% өсу) дейін 1,1% өсті, бұл ретте банк жүйесіндегі депозиттер 4 869,1 млрд. теңгеге дейін 4,1% қысқарды (жыл басынан бастап - 25,2% өсті). Айналыстағы қолма-қол ақшаның депозиттердің өсу қарқынының сығымдалуы аясында өсуі ақша массасының құрылымындағы депозиттер үлесінің 2008 жылғы қыркүйектегі 86,3%-дан қазанда 85,6%-ға дейін төмендеуіне себепші болды

Ақша мультипликаторы ақша массасының өсу қарқынының шамалы қысқаруы аясында ақша базасының қысқаруы салдарынан 2008 жылғы қыркүйектегі 3,35-дан қазандағы 3,62-ке дейін ұлғайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны