19.05.2008, 15:36 2464

Елдің халықаралық резервтері мамырдың бірінші жартысында 1,4% өсті

Елдің халықаралық резервтері мамырдың бірінші жартысында 1,4% өсті

Алматы. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда (ағымдағы бағамен), Ұлттық қордың ақшасын (алдын ала деректер бойынша 23 680,7 млн. доллар) қоса алғанда 44 653,7 млн. доллар болды. Өткен айға қарағанда өсу 1,4% болды, деп хабарлайды агенттік Ұлттық банктің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2008 жылғы мамырдың бірінші жартысында Ұлттық банктің халықаралық резервтері ұлғайды.

Ағымдағы бағамен Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 1,2% (немесе 244,3 млн. долл.) өсті.

Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу, Ұлттық банктегі үкіметтің шоттарына валютаның түсуі үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялармен, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарының төмендеуімен бейтараптандырылды.

Нәтижесінде, таза валюта қорлары (ЕАВ) 237,3 млн. долларға ұлғайды, жүргізілген операциялар және алтынның әлемдік нарықтарда бағасының 0,5% төмендеуі нәтижесінде алтын түріндегі активтер 7,0 млн. долларға өсті.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің 2008 жылғы мамырдың бірінші жартысында ұлғаюы ақша базасының 9,4% (немесе 144,4 млрд. теңгеге) кеңеюіне себепші болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны