03.04.2007, 12:30 1491

Елдің халықаралық резервтері наурызда 0,1% өсті

АЛМАТЫ. 3-сәуір. Kazakhstan Today. Елдің халықаралық резервтері жалпы алғанда (ағымдағы бағамен) яғни, Ұлттық қордың ақшасын (алдын-ала деректер бойынша - 15 879,6 млн. долл.) қоса алғанда 0,1% өсіп, 37 446,3 млн. доллар болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ұлттық банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

2007 жылғы наурызда Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің төмендеуі ақша базасының 0,3 % (немесе 4,0 млрд. теңгеге) тарылуына байланысты болды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің халықаралық резервтері (Ұлттық қордың ақшасын есептемегенде) 2007 жылғы 30 наурызда мынадай болды:

таза халықаралық резервтер ағымдағы бағамен 21 560,0 млн доллар, оның ішінде еркін айналмалы валютадағы таза активтер ағымдағы бағамен 20 109,5 млн доллар, алтын ағымдағы бағамен 1 450,4 млн.доллар болды.

Ақша базасы ағымдағы бағамен 1 584,0 млрд теңгеге тең.

2007 жылғы наурызда Ұлттық банктің халықаралық резервтері төмендеді.

Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтерінің ағымдағы бағасы 1,3 % (немесе 285,7 млн. долларға) төмендеді.

Ішкі валюта нарығында валюта сату, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасымен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың төмендеуі, сондай-ақ, қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету және Ұлттық қордың активтерін толықтыру бойынша операциялардың жүргізілуі, үкіметтің шотына валютаның түсуіне қарамастан таза валюта қорларының (СКВ) 270,2 млн. долларға төмендеуіне әкелді. Алтын түріндегі активтер оның әлемдік рыноктардағы бағасының 1,99%-ға төмендеуіне байланысты 15,5 млн. долларға азайды.

Тұрақты бағамен Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 1,2 %, еркін айналмалы валютадағы таза активтер - 1,3 % төмендеді, алтын түріндегі активтер 1,0% өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны