04.03.2008, 17:56 2930

Елдің халықаралық резервтері өткен аймен салыстырғанда 2,2% өсті

Елдің халықаралық резервтері өткен аймен салыстырғанда 2,2% өсті

Алматы. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері (ағымдағы бағамен), Ұлттық қордың ақшасын қосқанда (алдын ала деректер бойынша 22 579,0 млн. доллар) 41 624,7 млн доллар болып, өткен аймен салыстырғанда 2,2% өсті, деп хабарлайды агенттік ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылғы ақпанда Ұлттық банктің халықаралық резервтері азайды.

Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 0,6 %-ға (немесе 114,7 млн долларға) төмендеді.

Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу бойынша операциялар, үкіметтің Ұлттық банктегі шоттарына валютаның түсуі Ұлттық қордың активтерін толықтыру, үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялармен бейтараптандырылды. Бұдан басқа екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтары азайды.

Нәтижесінде таза валюта қорлары (ЕАВ) 213,3 млн. доллар, әлемдік нарықтардағы бағасының 4,9% өсуі нәтижесінде алтындағы активтер 98,6 млн долларға өсті.

Ұлттық банктің таза ішкі активтерінің өсуі 2008 жылғы ақпанда ақша базасының 4,6%-ға (немесе 70,0 млрд теңгеге) кеңеюіне себепші болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны